Ақмола облысында құқық қорғау органдарының экс-басшысы сотталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Ақмола облысында құқық қорғау органдарының экс-басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды. Сот жария режимде өтті, деп хабарлады облыстық сот.
Жария сотқа ауданның полиция және прокуратура қызметкерлері шақырылды, сондай-ақ онлайн тәртібінде департамент қызметкерлері қатысты.
Құқық қорғау органының бұрынғы басшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, алаяқтыққа әрекет жасаған (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 2-тармағының 3-бөлігі) және лауазымды адамға пара беруге итермелеген (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі).
"Экс-басшы қылмыстық істі тоқтату үшін А.-дан 2 млн теңге пара алған. Кейін одан тағы 1 млн теңге талап етіп, бас тартсаң қамауға алынасың деп қорқытқан. Соманы алғаннан кейін экс-басшы ұсталды", - дейді ведомство.
Сот үкімімен экс-басшы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан, атағынан айырылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Заңсыз алынған 2 500 000 теңге пара мемлекет кірісіне өндірілді.
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Ақтөбелік полицей алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Жаңалықтар
0