https://sputnik.kz/20241109/kokshetau-qalasynyn-akimi-tagayyndaldy-48406626.html
Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар... 09.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-09T11:53+0500
2024-11-09T11:53+0500
2024-11-09T11:53+0500
көкшетау
әкім
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48406002_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_90171ba4c1857d496bbb56bb69e0f395.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігі мәлімдеді.Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті.Облыс әкімі қала әкімдігіне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға күш салу қажет екенін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр. Бүгінгі таңда қала әкімі үшін басты міндет — жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Өңір басшысы қаладағы электрмен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48406002_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_ac322708c29b11b488564c5e5d892ce0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, әкім
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігі мәлімдеді.
Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті.
Облыс әкімі қала әкімдігіне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға күш салу қажет екенін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр.
Бүгінгі таңда қала әкімі үшін басты міндет — жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Өңір басшысы қаладағы электрмен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.