https://sputnik.kz/20241109/iri-kolemde-aqsha-zhymqyrdy-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-shvetsiyadan-ekstraditsiyalandy-48408412.html
Ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандық Швециядан экстрадицияланды
Ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандық Швециядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Швециядан аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 0 09.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-09T14:16+0500
2024-11-09T14:16+0500
2024-11-09T14:16+0500
бас прокуратура
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:262:2730:1798_1920x0_80_0_0_d3ae2efa1f0d4b7d5b62c4e68e271691.jpg
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Швециядан аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 0 Ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, дейді ведомство. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпанда ол Швецияда ұсталды. Бас прокуратураның өтінішімен күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырылады немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. "Айта кету керек, Швеция Корольдігімен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, сотталушыны экстрадициялау Қазақстан Бас прокуратурасы мен Швеция Әділет министрлігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Одан басқа, өткен жылы швед тарабы Қазақстанға іздеуде жүрген 2 адамды экстрадициялаған болатын, олар қазір әртүрлі жаза бойынша сотталды", - дейді Бас прокуратура.
https://sputnik.kz/20241031/khalyqaralyq-izdeude-zhurgen-qylmysker-astana-auezhayynda-ustaldy-48190197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_310b4f746d28d1d5eba3d3b333d67a91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қылмыскер
бас прокуратура, қылмыскер
Ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандық Швециядан экстрадицияланды
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Швециядан аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 0
Ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, дейді ведомство. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпанда ол Швецияда ұсталды.
Бас прокуратураның өтінішімен күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырылады немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
"Айта кету керек, Швеция Корольдігімен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, сотталушыны экстрадициялау Қазақстан Бас прокуратурасы мен Швеция Әділет министрлігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Одан басқа, өткен жылы швед тарабы Қазақстанға іздеуде жүрген 2 адамды экстрадициялаған болатын, олар қазір әртүрлі жаза бойынша сотталды", - дейді Бас прокуратура.