https://sputnik.kz/20241109/chekhiya-prezidenti-ukrainadagy-qaqtygysqa-qatysty-tramptyn-sozderine-pikir-bildirdi-48410627.html
Чехия президенті Украинадағы қақтығысқа қатысты Трамптың сөздеріне пікір білдірді
Чехия президенті Украинадағы қақтығысқа қатысты Трамптың сөздеріне пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Чехия президенті Петр Павел АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты 24 сағатта... 09.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-09T19:20+0500
2024-11-09T19:20+0500
2024-11-09T19:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
дональд трамп
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Чехия президенті Петр Павел АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты 24 сағатта тоқтата алатындығы туралы мәлімдемелерін шындыққа жанаспайды деп санайды. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.Трамп бұған дейін егер ол елдің қазіргі басшысы Джо Байденнің орнына АҚШ президенті болғанда Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмас еді деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы жанжалды бар болғаны 24 сағатта шешуге ниетті екенін баса айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөзіне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығысты бір күнде шешу өте қиын мәселе деп атады.Сонымен қатар,Чехия президенті ықтимал келісім Еуропа мен Украинаның мүддесіне сай келмеуі мүмкін деп санайды.Бұған дейін Wall Street Journal ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Трамптың айналасындағылар Киевтің НАТО-ға уақытша кірмеу туралы уәдесінің орнына Украинадағы қақтығысты тоқтатуды, майдан шебінде демилитаризацияланған аймақ құруды және жаңа қару-жарақ жеткізуді ұсынғанын хабарлаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақаланың дерексіз сипатта екенін айтты.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дональд трамп, украина, ресей
дональд трамп, украина, ресей
Чехия президенті Украинадағы қақтығысқа қатысты Трамптың сөздеріне пікір білдірді
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Чехия президенті Петр Павел АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты 24 сағатта тоқтата алатындығы туралы мәлімдемелерін шындыққа жанаспайды деп санайды. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
Трамп бұған дейін егер ол елдің қазіргі басшысы Джо Байденнің орнына АҚШ президенті болғанда Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмас еді деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы жанжалды бар болғаны 24 сағатта шешуге ниетті екенін баса айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөзіне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығысты бір күнде шешу өте қиын мәселе деп атады.
"Қазіргі уақытта көптеген ел Дональд Трамптың соғысты 24 сағатта аяқтау туралы сөзінен кейін жаңа әкімшілікті күтуде. Бірақ мен бұл мүмкін емес деп ойлаймын ол осы соғысты тоқтатуға және президент Владимир Путинмен келісімге отыруға күш салады деп сенемін", - деді Павел Прагадағы қорғаныс саммиті конференциясында Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (IISS) Youtube арнасында.
Сонымен қатар,Чехия президенті ықтимал келісім Еуропа мен Украинаның мүддесіне сай келмеуі мүмкін деп санайды.
Бұған дейін Wall Street Journal ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Трамптың айналасындағылар Киевтің НАТО-ға уақытша кірмеу туралы уәдесінің орнына Украинадағы қақтығысты тоқтатуды, майдан шебінде демилитаризацияланған аймақ құруды және жаңа қару-жарақ жеткізуді ұсынғанын хабарлаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақаланың дерексіз сипатта екенін айтты.