https://sputnik.kz/20241109/aqtobede-tikushaq-apatqa-ushyragan-zherge-komissiya-bardy-48411217.html
Ақтөбеде тікұшақ апатқа ұшыраған жерге комиссия барды
Ақтөбеде тікұшақ апатқа ұшыраған жерге комиссия барды
Sputnik Қазақстан
Бұл тікұшақ соңғы күрделі жөндеуден 2023 жылы өткен 09.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-09T16:27+0500
2024-11-09T16:27+0500
2024-11-09T16:27+0500
ақтөбе облысы
тікұшақ
әуе апаты
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48409933_30:0:1006:549_1920x0_80_0_0_6ea6925ab553b9e409d82e1c1257ea26.jpg
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия барды.Авиациялық апаттың алдын ала себебі техникалық ақаулық деп қарастырылуда. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жасалатын болады,деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Зардап шеккен экипаж мүшелері қажетті медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында.Қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлемдер және барлық қажетті қолдау көрсетіледі.Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден астам елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы мен сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі.Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының "405 авиациялық-жөндеу зауыты" базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыстар, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды.Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар және күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған, дейді ведомство.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48409933_152:0:884:549_1920x0_80_0_0_7e2064216943a41232c4f4975c66082e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, тікұшақ, әуе апаты, ұшақ апаты
ақтөбе облысы, тікұшақ, әуе апаты, ұшақ апаты
Ақтөбеде тікұшақ апатқа ұшыраған жерге комиссия барды
Бұл тікұшақ соңғы күрделі жөндеуден 2023 жылы өткен
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия барды.
Авиациялық апаттың алдын ала себебі техникалық ақаулық деп қарастырылуда. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жасалатын болады,деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Зардап шеккен экипаж мүшелері қажетті медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында.
Қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлемдер және барлық қажетті қолдау көрсетіледі.
Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден астам елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы мен сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі.
Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының "405 авиациялық-жөндеу зауыты" базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыстар, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды.
Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар және күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған, дейді ведомство.