https://sputnik.kz/20241108/qazaqstan-ishki-naryqtagy-darumenderdin-15-payyzyn-gana-ondiredi--48346702.html
Қазақстан ішкі нарықтағы дәрумендердің 1,5 пайызын ғана өндіреді
Қазақстан ішкі нарықтағы дәрумендердің 1,5 пайызын ғана өндіреді
Sputnik Қазақстан
Сегіз айда елімізде небәрі 1,8 тонна провитамин мен дәрумен өндірілді 08.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-08T08:00+0500
2024-11-08T08:00+0500
2024-11-08T08:00+0500
дәрумен
https://sputnik.kz/img/old/766/94/7669482_0:44:601:382_1920x0_80_0_0_8ea48438273846f541a3460b1711dcd7.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанның ішкі нарығында дәрумен сату көлемі қысқарды.Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде мұндай өнімнің 123,2 тоннасы ғана сатылған. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 47%-ға төмендеді, деп хабарлады Energyprom.kz.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қазақстандықтар негізінен импорттық дәрумендер мен провитаминдерді тұтынады. Олардың үлесі 98 пайыздан асады. Импорт осы тауарлардың нарықтағы сұранысына тікелей байланысты. Сол себепті сату көлемі төмендегендіктен шетелден жеткізу көлемі де биыл қысқарды: минус 48,2%.Қазақстанда өндірілетін дәрумендердің нарықтағы үлесі (1,5%) шағын болғаны сонша, оның көлемінің өскені немесе азайғаны жалпы саудада нақты көрсетілмейді. Сегіз айда елімізде небәрі 1,8 тонна провитамин мен дәрумен өндірілді – 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда плюс 69,1%.Еліміздегі ірі дәрумен өндірушілер – "Химфарм" АҚ (Santo бренді), "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС, "Dosfarm" ЖШС, "Вива Фарм" ЖШС, "Mega Pharma" ЖШС және т.б.Қазақстанды дәруменмен негізінен Қытай мен Ресей қамтамасыз етіп отыр. Бұл елдер Қазақстан Республикасы импортының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті алады: 42,5% және 36,8%.Биылғы қаңтар-тамыз айларында қазақстандықтар ресейлік және қытайлық дәрумендерге 1 миллион доллардан астам ақша төледі.Қазақстандықтардың бір бөлігі түрік (70 мың доллар) және неміс (79,7 мың доллар) дәрумендерін тұтынған. Мұндай тағамдық қоспаларды ірі жеткізушілер арасында Бельгия, Оңтүстік Корея, Польша және Франция сияқты елдер де бар.
https://sputnik.kz/20230725/agzadagy-darumen-tapshylygyn-qalay-anyqtauga-bolady--dariger-kenesi-36986381.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/766/94/7669482_16:0:583:425_1920x0_80_0_0_27144c2c652894f98bf609f060eb34e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрумен
Қазақстан ішкі нарықтағы дәрумендердің 1,5 пайызын ғана өндіреді
Сегіз айда елімізде небәрі 1,8 тонна провитамин мен дәрумен өндірілді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанның ішкі нарығында дәрумен сату көлемі қысқарды.
Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде мұндай өнімнің 123,2 тоннасы ғана сатылған. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 47%-ға төмендеді, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қазақстандықтар негізінен импорттық дәрумендер мен провитаминдерді тұтынады. Олардың үлесі 98 пайыздан асады. Импорт осы тауарлардың нарықтағы сұранысына тікелей байланысты. Сол себепті сату көлемі төмендегендіктен шетелден жеткізу көлемі де биыл қысқарды: минус 48,2%.
Қазақстанда өндірілетін дәрумендердің нарықтағы үлесі (1,5%) шағын болғаны сонша, оның көлемінің өскені немесе азайғаны жалпы саудада нақты көрсетілмейді. Сегіз айда елімізде небәрі 1,8 тонна провитамин мен дәрумен өндірілді – 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда плюс 69,1%.
Еліміздегі ірі дәрумен өндірушілер – "Химфарм" АҚ (Santo бренді), "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС, "Dosfarm" ЖШС, "Вива Фарм" ЖШС, "Mega Pharma" ЖШС және т.б.
Қазақстанды дәруменмен негізінен Қытай мен Ресей қамтамасыз етіп отыр. Бұл елдер Қазақстан Республикасы импортының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті алады: 42,5% және 36,8%.
Биылғы қаңтар-тамыз айларында қазақстандықтар ресейлік және қытайлық дәрумендерге 1 миллион доллардан астам ақша төледі.
Қазақстандықтардың бір бөлігі түрік (70 мың доллар) және неміс (79,7 мың доллар) дәрумендерін тұтынған. Мұндай тағамдық қоспаларды ірі жеткізушілер арасында Бельгия, Оңтүстік Корея, Польша және Франция сияқты елдер де бар.