https://sputnik.kz/20241108/pentagon-ukrainaga-tagy-6-mlrd-dollar-askeri-komek-zhiberedi-48382149.html
Пентагон Украинаға тағы 6 млрд доллар әскери көмек жібереді
Пентагон Украинаға тағы 6 млрд доллар әскери көмек жібереді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. АҚШ иелігінде Украинаға әскери көмек ретінде қарастырылған қаражаттан 6 миллиард доллар қалды, ол Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі... 08.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-08T10:32+0500
2024-11-08T10:32+0500
2024-11-08T10:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/194/93/1949358_0:140:3090:1878_1920x0_80_0_0_5f5bf0b8c51fdc17b3bf266afb1c8226.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. АҚШ иелігінде Украинаға әскери көмек ретінде қарастырылған қаражаттан 6 миллиард доллар қалды, ол Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі қаңтарда қызметке кіріскенше жұмсалады, деп мәлімдеді Пентагон ресми өкілінің орынбасары Сабрина Сингх.Сингх Украинаға көмек пакеттері алдағы апталарда жарияланатынын және Трамптың жаңа әкімшілігі қаңтарда билікке келгенге дейін күшінде болатынын айтты.2016 жылы сайлауда жеңген Дональд Трамп осы жылдың 5 қарашасында өткен президент сайлауында тағы жеңіске жетті. Ол 19-шы ғасырдан бері төрт жылдық үзілістен кейін Ақ үйге оралған АҚШ-тағы алғашқы саясаткер болды.Демократиялық кандидат сайлауға ұсынылған Камала Харрис жеңілгенін мойындайтынын мәлімдеді, ал қазіргі АҚШ президенті Джо Байден Трамппен сөйлесіп, оны құттықтады.Штаттардың сайлаушылар алқасы 17 желтоқсанда сайлаушылардың еркіне сәйкес кандидаттарға дауыс беруі керек, ал 6 қаңтарда жаңа Конгресс дауыс беру нәтижелерін бекітеді. Жаңа президенттің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/93/1949358_201:0:2890:2017_1920x0_80_0_0_696abfd5696e1b542eb5a1fed5360ab6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Пентагон Украинаға тағы 6 млрд доллар әскери көмек жібереді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. АҚШ иелігінде Украинаға әскери көмек ретінде қарастырылған қаражаттан 6 миллиард доллар қалды, ол Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі қаңтарда қызметке кіріскенше жұмсалады, деп мәлімдеді Пентагон ресми өкілінің орынбасары Сабрина Сингх.
"Пентагон қорында шамамен 4 миллиард доллар қалды. Президент Конгреске бұл қаражатты өз қызметінің қалған мерзімінде қолданатыны туралы хабарлады. Бізде тағы USAID Халықаралық даму агенттігі арқылы бөлінетін шамамен 2 миллиард доллар бар", - деді ол.
Сингх Украинаға көмек пакеттері алдағы апталарда жарияланатынын және Трамптың жаңа әкімшілігі қаңтарда билікке келгенге дейін күшінде болатынын айтты.
2016 жылы сайлауда жеңген Дональд Трамп осы жылдың 5 қарашасында өткен президент сайлауында тағы жеңіске жетті. Ол 19-шы ғасырдан бері төрт жылдық үзілістен кейін Ақ үйге оралған АҚШ-тағы алғашқы саясаткер болды.
Демократиялық кандидат сайлауға ұсынылған Камала Харрис жеңілгенін мойындайтынын мәлімдеді, ал қазіргі АҚШ президенті Джо Байден Трамппен сөйлесіп, оны құттықтады.
Штаттардың сайлаушылар алқасы 17 желтоқсанда сайлаушылардың еркіне сәйкес кандидаттарға дауыс беруі керек, ал 6 қаңтарда жаңа Конгресс дауыс беру нәтижелерін бекітеді. Жаңа президенттің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.