Энергетика министрлігі жылу станцияларындағы жөндеу жұмыстарының қорытындысын жариялады

© Photo : Фото из соцсетейОборудование ТЭЦ-2 в Астане
Оборудование ТЭЦ-2 в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Жазылу
2024 жылы электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Жөндеу жұмыстарынан кейін Қазақстандағы жылу электр станцияларындағы жабдықтардың орташа тозуы 65%-дан 61%-ға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тозу 58 %-дан 54%-ға дейін; Кентау қаласының жылу электр орталығында – 85%-дан 65%-ға дейін; Екібастұз ЖЭО-да – 42%-дан 35%-ға дейін төмендейді.
2024 жылы Өңірлік электр желілері компаниялары электр желілеріндегі жалпы ұзындығы 20,8 мың шақырымды құрайтын электр тарату желісін, 423 қосалқы станцияны, төрт мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу жоспарлануда.
20,7 мың шақырым электр желісі мен 383 қосалқы станция және 4054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаға жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жылумен қамту желілерінде 541,6 шақырым құбыр толық жөнделді және жаңартылды.
Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 5,6 млн тонна көмірді құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға, мазут 95,6 мың тоннаға артық. Барлық электр станциясында көмір мен мазуттың нормативті қоры бар.
Жаңалықтар
0