ЕАЭО-ның азық-түлікке қатысты техникалық регламенттеріне өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуКонсервные продукты, халяльная продукция
Консервные продукты,  халяльная продукция - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Жазылу
Өзгерістер ЕАЭО елдерінде бизнесті жүргізу талаптарын жақсартады
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. 10 қарашада ЕАЭО-ның тамақ өнімдері мен олардың таңбалануына қатысты техникалық регламенттеріне Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бұрын қабылдаған өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлады ЕЭК.
"Өзгерістер ұйымның немесе оның өндірушісі (өндіруші уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы) саналатын жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің деректері өзгерген жағдайда азық-түлік өнімдерін таңбалауын ауыстырмай ЕАЭО нарығына шығаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Яғни, енді қаланың (облыс, көше және тағы басқа) атауы өзгерсе, өндіруші үш жыл бойына затбелгісінде бұрынғы атаулары бар мекенжайды қалдыруға құқылы. Бірақ өндірушінің нақты орналасқан жері мен өндіріс орны өзгермеген болуы қажет.
"ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкийдің айтуынша, Кеңес қабылдаған өзгерістер ЕАЭО елдерінде бизнесті жүргізу талаптарына оң әсер етеді және азық-түлік өнімдерін таңбалауды ауыстыру қажеттілігімен байланысты қажетсіз қаржылық жүктемені жеңілдетуге көмектеседі", - деді комиссия.
Бұл ретте тұтынушыны өндірушінің орналасқан жері туралы хабардар етудің ықтимал жолдары қарастырылған.
Жаңалықтар
0