https://sputnik.kz/20241108/bankter-zhumys-istemeydi-ulttyq-bank-zhelide-taragan-aqparatqa-tusinikteme-berdi-48384447.html
"Банктер жұмыс істемейді": Ұлттық банк желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
"Банктер жұмыс істемейді": Ұлттық банк желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 11 қарашадан бастап қазақстандық банктердің жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осы... 08.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-08T12:21+0500
2024-11-08T12:21+0500
2024-11-08T12:21+0500
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 11 қарашадан бастап қазақстандық банктердің жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осы орайда ақша аударымдарын да жасамауға кеңес беріледі, себебі "ақша жүйеде тұрып қалуы мүмкін". Ұлттық банк желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерде техникалық жұмыстардың жүргізілетінін растады. Барлығы ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізеді. Бірақ қаржы қызметін көрсету жағынан ешқандай қиындық болмайды.Банктерде ақпарат жүйелерін баптау кезінде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде, әсіресе, ISO 20022 форматын енгізуге дейінгі демалыс күндері қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін."Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін жүзеге асырылады", - делінген ресми хабарламада.Айта кетері, ISO 20022 – электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларын алмасудың біріздендірілген моделін қолдану арқылы барлық тараптың шығынын азайтады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк
"Банктер жұмыс істемейді": Ұлттық банк желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 11 қарашадан бастап қазақстандық банктердің жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осы орайда ақша аударымдарын да жасамауға кеңес беріледі, себебі "ақша жүйеде тұрып қалуы мүмкін". Ұлттық банк желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерде техникалық жұмыстардың жүргізілетінін растады. Барлығы ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізеді. Бірақ қаржы қызметін көрсету жағынан ешқандай қиындық болмайды.
"Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады", - дейді банк мамандары.
Банктерде ақпарат жүйелерін баптау кезінде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде, әсіресе, ISO 20022 форматын енгізуге дейінгі демалыс күндері қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін.
"Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін жүзеге асырылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, ISO 20022 – электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларын алмасудың біріздендірілген моделін қолдану арқылы барлық тараптың шығынын азайтады.