https://sputnik.kz/20241108/balabaqshalar-vaucherlik-zhuye-arqyly-qarzhylandyrylady--zhana-zhuyenin-tiimdiligi-nede-48392622.html
Балабақшалар ваучерлік жүйе арқылы қаржыландырылады – жаңа жүйенің тиімділігі неде
Балабақшалар ваучерлік жүйе арқылы қаржыландырылады – жаңа жүйенің тиімділігі неде
Sputnik Қазақстан
Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметті растағаннан кейін ғана аударылады 08.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-08T13:25+0500
2024-11-08T13:25+0500
2024-11-08T13:25+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік жүйе арқылы қаржыландырудың тиімділігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі кезде ваучерлік жүйе бойынша пилоттық жоба Тараз, Түркістан мен Шымкентте қолға алынды. Мәселен, Таразда үш айдың ішінде 21 мыңнан астам ваучер таратылды. Шымкент қаласында 600-ге жуық мектепке дейінгі ұйым ваучерлік қаржыландыруға көшіп үлгерді. Ал Түркістанда барлық 144 балабақша жаңа жүйемен жұмыс істей бастады.Ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді."Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді, бұл жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің болуына ықпал етеді. Жүйе арқылы ең алдымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда "ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады" қағидасы жүзеге асырылады. Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметті растағаннан кейін ғана аударылады", - дейді министрлік мамандары.Келесі жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің басқа да өңірлеріне енгізіледі деген жоспар бар.
https://sputnik.kz/20240901/balabaqsha-mektep-pen-kolledzhderde-qorganu-negizderi-oqytyla-bastaydy-46736347.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
Балабақшалар ваучерлік жүйе арқылы қаржыландырылады – жаңа жүйенің тиімділігі неде
Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметті растағаннан кейін ғана аударылады
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік жүйе арқылы қаржыландырудың тиімділігін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде ваучерлік жүйе бойынша пилоттық жоба Тараз, Түркістан мен Шымкентте қолға алынды. Мәселен, Таразда үш айдың ішінде 21 мыңнан астам ваучер таратылды. Шымкент қаласында 600-ге жуық мектепке дейінгі ұйым ваучерлік қаржыландыруға көшіп үлгерді. Ал Түркістанда барлық 144 балабақша жаңа жүйемен жұмыс істей бастады.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді, бұл жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің болуына ықпал етеді. Жүйе арқылы ең алдымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда "ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады" қағидасы жүзеге асырылады. Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметті растағаннан кейін ғана аударылады", - дейді министрлік мамандары.
Келесі жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің басқа да өңірлеріне енгізіледі деген жоспар бар.