Астанада Сирия мәселесі бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. 11-12 қарашада Астана қаласында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Осы формат шеңберінде Қазақстан Сирияның заңды үкіметі мен қарсылас қарулы топтардың өкілдеріне келіссөздер жүргізу үшін Астанада алаң ұсынады.
Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы;
САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер;
Сириядағы "жергілікті" жағдай;
Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу;
Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.талқылады.
Мұхтар Тілеуберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Сирия келіссөзі Қазақстанның беделін көтереді – министр
Жаңалықтар
0