https://sputnik.kz/20241107/qazaqstan-resey-arqyly-europaga-mazut-eksportyn-azaytty-48353213.html
Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға мазут экспортын азайтты
Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға мазут экспортын азайтты
Sputnik Қазақстан
Отынның бір бөлігі Транскаспий бағыты бойынша экспортталады 07.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-07T14:51+0500
2024-11-07T14:51+0500
2024-11-07T14:51+0500
экспорт
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33612568_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b023c87263c9cc22d0f84121eb3b2d58.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. 2024 жылдың 9 айында қазақстандық өндірушілер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ресей арқылы өтетін мазут экспортын 26%-ға қысқартты, деп хабарлады Нефть и Газ Казахстана Telegram каналы.Мазуттың қалған көлемі негізінен Құрық порты арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша "ҚазМұнайГаз-дың" еншілес ұйымы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқаратын Батуми портына қайта бағытталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет еуропалық әріптестермен бірлесе отырып, бұл бағытты белсенді түрде дамытуда.Қаңтар-қыркүйек айларында Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Батуми және Кулеви порттарына мазут жөнелтсе, теміржол арқылы Эстонияға аз мөлшерде жеткізілді. Шағын мұнай өңдеу зауыттары да Грузия порттары арқылы экспорттады, аздаған бөлігі Ресейдің Азов және Новороссийск порттары арқылы экспортталды.Жалпы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда (шағын мұнай өңдеу зауыттарын қоса алғанда) мазут өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,972 миллион тоннадан 1,609 миллион тоннаға дейін төмендеген.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33612568_911:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_49c7d0afb705d5565e864f93015d6cbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт, қазақстан
Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға мазут экспортын азайтты
Отынның бір бөлігі Транскаспий бағыты бойынша экспортталады
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. 2024 жылдың 9 айында қазақстандық өндірушілер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ресей арқылы өтетін мазут экспортын 26%-ға қысқартты, деп хабарлады
Нефть и Газ Казахстана Telegram каналы.
Мазуттың қалған көлемі негізінен Құрық порты арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша "ҚазМұнайГаз-дың" еншілес ұйымы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқаратын Батуми портына қайта бағытталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет еуропалық әріптестермен бірлесе отырып, бұл бағытты белсенді түрде дамытуда.
Қаңтар-қыркүйек айларында Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Батуми және Кулеви порттарына мазут жөнелтсе, теміржол арқылы Эстонияға аз мөлшерде жеткізілді. Шағын мұнай өңдеу зауыттары да Грузия порттары арқылы экспорттады, аздаған бөлігі Ресейдің Азов және Новороссийск порттары арқылы экспортталды.
Жалпы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда (шағын мұнай өңдеу зауыттарын қоса алғанда) мазут өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,972 миллион тоннадан 1,609 миллион тоннаға дейін төмендеген.