Павлодар облысының бірқатар аумағында төтенше жағдай режимі жарияланады

© Sputnik / Абзал Калиев В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель
 В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. 6-7 қараша күндері Павлодар облысының аумағында екпіні 28-30 м/с дейін жететін дауылды жел тіркелді.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келген.
"Залалды бағалау мен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы қажетті шешім қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.
Электрмен жабдықтау желілерінде 120 апаттық өшіру орын алды, оның 69-ы жойылды. Қалғандарында жұмыстар жалғасуда. 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды.
Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адам жарақат алып, оның біреуі ауруханаға жеткізілді, екіншісі ауруханаға жатудан бас тартты. Бір адам алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Астанада дауыл салдарынан бірнеше әуе рейсі кешікті
Жаңалықтар
0