Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі ауысты

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание Центральной избирательной комиссии РК
Здание Центральной избирательной комиссии РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Айманакумов пен Михаил Бортникті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің жарлықтарымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Азамат Айманакумов бұған дейін Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Михаил Бортник 2022 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болған.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына тапсырма берді
Жаңалықтар
0