https://sputnik.kz/20241107/batys-qazaqstanda-konildesin-oltiruge-tapsyrys-bergen-eks-akim-turmeden-shyqty-48347843.html
Батыс Қазақстанда көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім түрмеден шықты
Батыс Қазақстанда көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім түрмеден шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының экс-әкімі түрмеден шықты. Ол осыдан 8 жыл бұрын көңілдесін өлтірмек болды деп айыпталған... 07.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-07T11:29+0500
2024-11-07T11:29+0500
2024-11-07T11:29+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының экс-әкімі түрмеден шықты. Ол осыдан 8 жыл бұрын көңілдесін өлтірмек болды деп айыпталған болатын, деп хабарлады "Мой город" порталы.Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталған, 8 жылдан кейін өтелмеген мерзімін шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берген. Биыл сәуірде оның жазасы шартты түрде өтеуге ауыстырылған.Соттың мәліметінше жазасын өтеу кезінде Серікқалиев тәртіптік ережелерді бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі адам шабуыл жасап, бірнеше жерден пышақ салған. Әйел аман қалып, өлтірмек болған Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісі екенін айтқан.Сот талқылауы барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев досы ТКШ бастығы Қожамұратовтан өзінің көңілдесін өлтіруін сұрағаны белгілі болды, өйткені олардың ортақ қызы бар екенін және бопсалап жүргенін айтқан. Ал Қожамұратов өзінің жүргізушісіне әйелді өлтіру үшін 500 мың теңге берген.Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға қатаң режимдегі колонияда 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.Айта кетері, соттан кейін жәбірленуші экс-әкімнің еш кінәсі жоғын, сол себепті үкімге шағымданатынын айтқан.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының экс-әкімі түрмеден шықты. Ол осыдан 8 жыл бұрын көңілдесін өлтірмек болды деп айыпталған болатын, деп хабарлады "
Мой город" порталы.
Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталған, 8 жылдан кейін өтелмеген мерзімін шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берген. Биыл сәуірде оның жазасы шартты түрде өтеуге ауыстырылған.
Соттың мәліметінше жазасын өтеу кезінде Серікқалиев тәртіптік ережелерді бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі адам шабуыл жасап, бірнеше жерден пышақ салған. Әйел аман қалып, өлтірмек болған Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісі екенін айтқан.
Сот талқылауы барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев досы ТКШ бастығы Қожамұратовтан өзінің көңілдесін өлтіруін сұрағаны белгілі болды, өйткені олардың ортақ қызы бар екенін және бопсалап жүргенін айтқан. Ал Қожамұратов өзінің жүргізушісіне әйелді өлтіру үшін 500 мың теңге берген.
Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға қатаң режимдегі колонияда 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Айта кетері, соттан кейін жәбірленуші экс-әкімнің еш кінәсі жоғын, сол себепті үкімге шағымданатынын айтқан.