https://sputnik.kz/20241106/tramptyn-zhenisi-euroodaqty-ukrainaga-qatysty-strategiyasyn-ozgertuge-mazhburleydi--orban-48334493.html
Трамптың жеңісі Еуроодақты Украинаға қатысты стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді – Орбан
Трамптың жеңісі Еуроодақты Украинаға қатысты стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді – Орбан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың президент сайлауындағы жеңісі Еуроодақты өз... 06.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-06T17:20+0500
2024-11-06T17:20+0500
2024-11-06T17:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2798:1574_1920x0_80_0_0_2925a7f3203b751cc3fe0babb191cc7b.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың президент сайлауындағы жеңісі Еуроодақты өз стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Оның айтуынша, 7 қарашада Будапеште өтетін Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті және Еуроодақтың бейресми саммитінде бұл бағыттағы алғашқы қадамды жасауға болады.5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Демократиялық партиядан вице-президент Камала Харрис, Республикалық партиядан бұрынғы президент Дональд Трамп бәсекеге түсті.Fox News басылымы Дональд Трамп сайлаушылар алқасының 277 дауысын жинап, президент сайлауында жеңіске жеткенін, Камала Харрис сайлаушылар алқасының 226 дауысын ғана алғанын хабарлады. Жеңіске жету үшін мемлекет басшысына үміткерлердің бірі 538 дауыстың кемінде 270-ін жинауы керек болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e5e555b5d1c383edb686bc15f8a097d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамптың жеңісі Еуроодақты Украинаға қатысты стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді – Орбан
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың президент сайлауындағы жеңісі Еуроодақты өз стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді деп мәлімдеді. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"Бүгін түнде АҚШ-та республикашылдар жеңіске жетті. Бұл Еуропаның жалғыз өзі Украинаға қаржылық және әскери қолдауды көрсете ала ма деген сұрақты туындатады. Мен бұған күмәнданамын, сондықтан жаңа еуропалық стратегия қажет болады", - деді Орбан Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, 7 қарашада Будапеште өтетін Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті және Еуроодақтың бейресми саммитінде бұл бағыттағы алғашқы қадамды жасауға болады.
5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Демократиялық партиядан вице-президент Камала Харрис, Республикалық партиядан бұрынғы президент Дональд Трамп бәсекеге түсті.
Fox News басылымы Дональд Трамп сайлаушылар алқасының 277 дауысын жинап, президент сайлауында жеңіске жеткенін, Камала Харрис сайлаушылар алқасының 226 дауысын ғана алғанын хабарлады. Жеңіске жету үшін мемлекет басшысына үміткерлердің бірі 538 дауыстың кемінде 270-ін жинауы керек болатын.