ЕЭК пен БАӘ энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады

© http://www.ark.gov.uaСолнечная электростанция
Солнечная электростанция - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Жазылу
Талқылау 4 қарашада Абу-Дабидегі ADIPEC халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында өтті
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев пен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль Мохамед Әл Мазруи Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Әмірліктер арасындағы энергетикалық секторды дамыту перспективаларын талқылады.
ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау 4 қарашада Абу-Дабидегі ADIPEC халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында өтті.
Қожошев энергетикалық ресурстардың ортақ нарығын құру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін ілгерілету жөніндегі жұмыстар және ЕАЭО аясындағы климаттық күн тәртібі туралы айтты.
Қазіргі заманғы энергетика энергетикалық ресурстарды тиімді басқару, сондай-ақ электр желілері жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр, деп түсіндірді ЕЭК министрі.
Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ "жасыл" технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар форумға қатысушылар ЕАЭО елдерінің ортақ энергетика кеңістігін қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмыстар еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті.
"Энергетикалық ресурстардың ортақ нарығы қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға, сонымен қатар барлық электр энергиясын өндірушілер мен халық үшін арзан, сенімді және тұрақты энергия көздеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Қожошев.
Сондай-ақ іс-шарада энергетика саласын дамытудағы озық, интеллектуалды және инновациялық цифрлық шешімдердің рөліне көп көңіл бөлінді. Жасанды интеллект осы мәселелерді шешудің күшті құралы ретінде аталды.
Жаңалықтар
0