1,2 млрд теңге субсидияны қолды қылған: Антикор кәсіпкер Алмасбек Садырбайды ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Садырбайдың аса ірі мөлшерде ақша жымқырумен байланысты алаяқтық әрекетін әшкереледі.
Агенттің бапасөз қызметінің хабарлауынша, А.Садырбай басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деген күдікке ілінді.
"Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.
"Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамаққа алынды",- делінген хабарламада.
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі
Жаңалықтар
0