https://sputnik.kz/20241105/zhambyl-oblysynda-zirattardy-tonap-zhurgen-top-ustaldy-48298641.html
Жамбыл облысында зираттарды тонап жүрген топ ұсталды
Жамбыл облысында зираттарды тонап жүрген топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында зираттарда темір қоршауларды ұрлап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына... 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T13:17+0500
2024-11-05T13:17+0500
2024-11-05T13:17+0500
видео
жамбыл облысы
зират
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48292814_3:0:1199:673_1920x0_80_0_0_1b35910df6a171fb6028ae9cc34d8ad7.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында зираттарда темір қоршауларды ұрлап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды. Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары болып шықты.Тергеу кезінде олардың бұған дейін Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлағаны анықталды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған осы әрекет үшін 3 000 АЕК-ке (11 076 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48292814_152:0:1049:673_1920x0_80_0_0_f7a36d8b011bc29e5e72deae1d28a104.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, зират, видео
жамбыл облысы, зират, видео
Жамбыл облысында зираттарды тонап жүрген топ ұсталды
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында зираттарда темір қоршауларды ұрлап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды. Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары болып шықты.
Тергеу кезінде олардың бұған дейін Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлағаны анықталды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған осы әрекет үшін 3 000 АЕК-ке (11 076 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.