https://sputnik.kz/20241105/taksi-agregatorlary-ozin-ozi-retteytin-uyymdarga-kiredi--zharnany-kim-toleydi-48311295.html
Такси агрегаторлары өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кіреді – жарнаны кім төлейді
Такси агрегаторлары өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кіреді – жарнаны кім төлейді
Sputnik Қазақстан
Жарнаның мөлшері үлкен емес, айлық табыстың 0,5 процентіне де жетпейді 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T19:37+0500
2024-11-05T19:37+0500
2024-11-05T19:37+0500
такси
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_f6fd99fcf0f7a4439d3fedb0c7739e68.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанда жолаушылар тасымалын, соның ішінде такси қызметін өзін-өзі реттейтін салаға беру жоспарланып отыр. Мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сәйкес, бұдан былай такси агрегаторлары, диспетчерлік қызметтер мен жеке такси жүргізушілері өзін-өзін реттейтін ұйымдарға кіруге міндетті болады. Жарнаны да төлеу керек. Ал мемлекет сол ұйымдардың үстінен қарайды. Sputnik Қазақстан бұл бастама қарапайым такси жүргізушілеріне несімен тиімді болатынын зерделеп көрді.Жолаушылар тасымалын кім реттейді?Үкімет әзірлеген заң жобасы бойынша жолаушылар тасымалы саласындағы бірқатар мемлекеттік функцияны өзін-өзі реттеуге беру көзделген. Олар:Осылайша мемлекет кәсіпкерлік субъектілердің қызметін реттеу саласында өз үлесін азайтып, оған қатысушылардың ұйымдастырушылық шешімдерді, қажетті стандарттар мен қағидаларды жедел қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Ал өзін-өзі реттейтін ұйымдар тасымалдау процесіне қатысушыларды тиімді бақылай алады деген жоспар бар. Бүгінде құрылыс, аудит, заң және тағы басқа салаларда өзін-өзін реттейтін жүйе енгізілген.Ал жолаушылар тасымалына басқа өзін-өзі реттейтін ұйымдар жауап береді. Заң бойынша үш ұйым құру жоспарланып отыр. Автобус пен такси жүргізушілері, агрегаторлар өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге міндетті болады. Оған ай сайын жарна да төлеу керек.Жарнаның мөлшері қандайҚазіргі кезде жарнаның нақты мөлшері бекітілмеген. Бірақ заңға жарнаның бірнеше түрі енгізіліп отыр. Олар:Министр не дейдіКөлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға өз еркімен кіруге де болады."Мәселен, алпауыт такси агрегаторлары міндетті түрде өзін-өзі реттейтін ұйымға кіреді. Егер ондай ұйымға мүше болмаса, оның қызметі заңсыз деп танылады. Ал заңсыз қызметке тыйым салу қарастырылған. Сондықтан үлкен интернет-платформалар өз қызметін сақтап қалу үшін өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге тырысады", - дейді Қарабаев.Министр жаңа бастама жолаушылар тасымалы саласына, әсіресе, такси қызметінің ақысына әсер етпейді деп отыр. Себебі өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарифті бекітпейді."Сосын бір емес, үш өзін-өзі реттейтін ұйым құрылады. Барлығында бірдей мүмкіндік болады. Сондықтан бәсекелестік қыза түседі. Ал баға төмендеуі керек", - деп атап өтті Қарабаев мәжілісте өткен жиында.Оның айтуынша, такси агрегаторлары жарнаны өздері төлейді, көлік жүргізушілеріне салмақ түспейді. Өйткені жарнаның мөлшері үлкен емес, айлық табыстың 0,5 процентіне де жетпейді.Халық үшін не өзгередіКөлік министрлігінің жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар болса, әділ бәсекелестікке жол ашылады."Ал әділ бесекелестік бар жерде баға төмендейді. Ол – бір. Екіншіден, бастапқы кезеңде өз бетімен такси болып жүрген азаматтар үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Оларды өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге міндеттемейді. Қазіргі заңмен халықаралық және облысаралық автобус тасымалы және ресми такси операторлары кіреді. Ал оларға қарасты көлік жүргізушілерінің құқықтары толығымен қорғалады", - дейді министр Қарабаев.Бүгінде өз бетімен такси болып жүргендер де өзін-өзі реттейтін ұйымға кіре алады. Осы ұйымдар көлік жүргізушілерінің құқығын қорғап қана қоймай, жолаушылар саласындағы қауіпсіздік ережелерін де бақылайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_c581dce7184b11720cf39f099bffda71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
такси
Такси агрегаторлары өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кіреді – жарнаны кім төлейді
Жарнаның мөлшері үлкен емес, айлық табыстың 0,5 процентіне де жетпейді
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанда жолаушылар тасымалын, соның ішінде такси қызметін өзін-өзі реттейтін салаға беру жоспарланып отыр. Мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сәйкес, бұдан былай такси агрегаторлары, диспетчерлік қызметтер мен жеке такси жүргізушілері өзін-өзін реттейтін ұйымдарға кіруге міндетті болады. Жарнаны да төлеу керек. Ал мемлекет сол ұйымдардың үстінен қарайды.
Sputnik Қазақстан бұл бастама қарапайым такси жүргізушілеріне несімен тиімді болатынын зерделеп көрді.
Жолаушылар тасымалын кім реттейді?
Үкімет әзірлеген заң жобасы бойынша жолаушылар тасымалы саласындағы бірқатар мемлекеттік функцияны өзін-өзі реттеуге беру көзделген. Олар:
жолаушылардың тұрақты халықаралық тасымалдарын ұйымдастыру;
жолаушылардың тұрақты облысаралық тасымалдары;
жолаушылардың тұрақты емес тасымалдарын ұйымдастыру;
Осылайша мемлекет кәсіпкерлік субъектілердің қызметін реттеу саласында өз үлесін азайтып, оған қатысушылардың ұйымдастырушылық шешімдерді, қажетті стандарттар мен қағидаларды жедел қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Ал өзін-өзі реттейтін ұйымдар тасымалдау процесіне қатысушыларды тиімді бақылай алады деген жоспар бар. Бүгінде құрылыс, аудит, заң және тағы басқа салаларда өзін-өзін реттейтін жүйе енгізілген.
Ал жолаушылар тасымалына басқа өзін-өзі реттейтін ұйымдар жауап береді. Заң бойынша үш ұйым құру жоспарланып отыр. Автобус пен такси жүргізушілері, агрегаторлар өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге міндетті болады. Оған ай сайын жарна да төлеу керек.
Қазіргі кезде жарнаның нақты мөлшері бекітілмеген. Бірақ заңға жарнаның бірнеше түрі енгізіліп отыр. Олар:
халықаралық және облысаралық автобус тасымалымен айналысатындар үшін 1-7 АК (2024 жылы 3 692 теңгеден 25 844 теңгеге дейін);
такси тасымалдаушылары үшін 2 АЕК-тің ¼ бөлігі (2024 жылы 923 теңгеден 7 384 теңгеге дейін);
таксиге тапсырыс беретін мобильді қосымшалар мен ақпараттық-диспетчерлік қызметтер үшін бір тәулікте түскен тапсырыстың санына қарай (10-100 мыңға 2-700 АЕК (2024 жылы 7 384 теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін);
автовокзалдар үшін 15 - 70 АЕК (2024 жылы 55 380 теңгеден 258 440 теңгеге дейін);
автостанциялар үшін 5-10 АЕК (2024 жылы 18 460 теңгеден 36 920 теңгеге дейін);
жолаушыларға қызмет көрсету бекеттері үшін 2 - 5 АЕК (2024 жылда 7 384 теңгеден 18 460 теңгеге дейін).
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға өз еркімен кіруге де болады.
"Мәселен, алпауыт такси агрегаторлары міндетті түрде өзін-өзі реттейтін ұйымға кіреді. Егер ондай ұйымға мүше болмаса, оның қызметі заңсыз деп танылады. Ал заңсыз қызметке тыйым салу қарастырылған. Сондықтан үлкен интернет-платформалар өз қызметін сақтап қалу үшін өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге тырысады", - дейді Қарабаев.
Министр жаңа бастама жолаушылар тасымалы саласына, әсіресе, такси қызметінің ақысына әсер етпейді деп отыр. Себебі өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарифті бекітпейді.
"Сосын бір емес, үш өзін-өзі реттейтін ұйым құрылады. Барлығында бірдей мүмкіндік болады. Сондықтан бәсекелестік қыза түседі. Ал баға төмендеуі керек", - деп атап өтті Қарабаев мәжілісте өткен жиында.
Оның айтуынша, такси агрегаторлары жарнаны өздері төлейді, көлік жүргізушілеріне салмақ түспейді. Өйткені жарнаның мөлшері үлкен емес, айлық табыстың 0,5 процентіне де жетпейді.
Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар болса, әділ бәсекелестікке жол ашылады.
"Ал әділ бесекелестік бар жерде баға төмендейді. Ол – бір. Екіншіден, бастапқы кезеңде өз бетімен такси болып жүрген азаматтар үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Оларды өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге міндеттемейді. Қазіргі заңмен халықаралық және облысаралық автобус тасымалы және ресми такси операторлары кіреді. Ал оларға қарасты көлік жүргізушілерінің құқықтары толығымен қорғалады", - дейді министр Қарабаев.
Бүгінде өз бетімен такси болып жүргендер де өзін-өзі реттейтін ұйымға кіре алады. Осы ұйымдар көлік жүргізушілерінің құқығын қорғап қана қоймай, жолаушылар саласындағы қауіпсіздік ережелерін де бақылайды.