https://sputnik.kz/20241105/qytayda-qazaqstandyq-startaptar-tanystyryldy-48295175.html
Қытайда қазақстандық стартаптар таныстырылды
Қытайда қазақстандық стартаптар таныстырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ашылған қазақстандық павильонда жаңа стартаптар таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik... 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T12:17+0500
2024-11-05T12:17+0500
2024-11-05T12:17+0500
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48293313_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c05a01bed3dfcf8884df92250dbe72f1.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ашылған қазақстандық павильонда жаңа стартаптар таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Көрші елдегі көрмеге "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade мен Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, соның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Отандық стартаптар да көрсетілді. Олар:ъҚазақстанның коммерциялық павильонында отандық өнімді онлайн сату да ұйымдастырылды. 260 шаршы метр алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарлары – ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер шығарылды"TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды", - делінген ресми хабарламада.Айта кетері, осы көрмеге жыл сайын 300 мыңнан астам қытайлық сатып алушылар қатысады. Оған Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян барды.
https://sputnik.kz/20241101/qytay-kompaniyasy-aqmola-oblysynda-biday-ondeytin-zauyt-salady-48225125.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48293313_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_bbe3b2eae248810af70560de82898589.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан
Қытайда қазақстандық стартаптар таныстырылды
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ашылған қазақстандық павильонда жаңа стартаптар таныстырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Көрші елдегі көрмеге "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade мен Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, соның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Отандық стартаптар да көрсетілді. Олар:ъ
Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис;
Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім;
Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу;
Қазақстанның коммерциялық павильонында отандық өнімді онлайн сату да ұйымдастырылды. 260 шаршы метр алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарлары – ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер шығарылды
"TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды", - делінген ресми
хабарламада.Айта кетері, осы көрмеге жыл сайын 300 мыңнан астам қытайлық сатып алушылар қатысады. Оған Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян барды.