https://sputnik.kz/20241105/memlekettik-qyzmetkerler-syyaqysyz-qalmaydy---qarzhy-ministrligi-48291156.html
Мемлекеттік қызметшілер сыйақысыз қалмайды - қаржы министрлігі
Мемлекеттік қызметшілер сыйақысыз қалмайды - қаржы министрлігі
Sputnik Қазақстан
Ведомство басшысының бұған дейінгі мәлімдемесіне қатысты қаржы министрлігі тағы да түсініктеме берді 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T09:40+0500
2024-11-05T09:40+0500
2024-11-05T11:18+0500
сыйақы
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_ac59841c499629deb4233f39daeddd41.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Бюджетті үнемдеу есебінен мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуді ешкім шектей алмайды, деді қаржы министрлігіндегілер.Ведомстводағылар бұдан 23 жыл бұрын, 2001 жылдың тамыз айында республика үкіметінің №1127 қаулысы қабылданғанын еске салды, оған сәйкес "сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу тек қана бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады".Ведомствоның мәліметінше, бұл жерде мәселе шығынды үнемдеу туралы болып отыр:"Бүгінгі күнге дейін осы қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге үстемеақы төлеуге тыйым салуға негіз жоқ", - делінген хабарламада.Бұған дейін қаржы министрі Мәди Тақиев ведомство қазынашылық арқылы шенеуніктерге үнемделген бюджет қаражатынан сыйақы беруге тыйым салғанын айтқан."Қаржы министрлігінің бұған дейінгі мәлімдемесінде үкімет қаулысының нормаларын қатаң сақтау және қызметкерлерге сыйлықақы беру үшін осы көрсетілгеннен басқа бюджеттік баптардағы қаражаттың жұмсалуына жол бермеу қажеттігі айтылған", - делінген ведомство хабарламасында.Яғни, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға жатады, деп толықтырды қаржы министрлігіндегілер.
https://sputnik.kz/20231227/qarzhy-ministrliginin-qyzmetkerleri-zhana-zhylga-qansha-tenge-syyaqy-alady-41237778.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_386:0:2637:1688_1920x0_80_0_0_3951ade5714dcf06a32fd7889c2f7028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыйақы, мемлекеттік қызметші
сыйақы, мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік қызметшілер сыйақысыз қалмайды - қаржы министрлігі
09:40 05.11.2024 (жаңартылды: 11:18 05.11.2024) Ведомство басшысының бұған дейінгі мәлімдемесіне қатысты қаржы министрлігі тағы да түсініктеме берді
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Бюджетті үнемдеу есебінен мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуді ешкім шектей алмайды, деді қаржы министрлігіндегілер.
Ведомстводағылар бұдан 23 жыл бұрын, 2001 жылдың тамыз айында республика үкіметінің №1127 қаулысы қабылданғанын еске салды, оған сәйкес "сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу тек қана бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады".
"Бұл қаулы үнемдеу орындалған жағдайда сыйақы төлемдерін жүзеге асыруға болатын шығын түрлерінің нақты тізбесін анықтайды", - деп хабарлады қаржы министрлігіндегілер.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жерде мәселе шығынды үнемдеу туралы болып отыр:
үй-жайларды жалға алу шығындары.
"Бүгінгі күнге дейін осы қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге үстемеақы төлеуге тыйым салуға негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қаржы министрі Мәди Тақиев ведомство қазынашылық арқылы шенеуніктерге үнемделген бюджет қаражатынан сыйақы беруге тыйым салғанын айтқан.
"Қаржы министрлігінің бұған дейінгі мәлімдемесінде үкімет қаулысының нормаларын қатаң сақтау және қызметкерлерге сыйлықақы беру үшін осы көрсетілгеннен басқа бюджеттік баптардағы қаражаттың жұмсалуына жол бермеу қажеттігі айтылған", - делінген ведомство хабарламасында.
Яғни, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға жатады, деп толықтырды қаржы министрлігіндегілер.