Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

© AP Photo / Mahesh Kumar A.Мужчина, прикрываясь пластиковым чехлом, прогуливается во время сильного дождя в Ченнаи, Индия
Мужчина, прикрываясь пластиковым чехлом, прогуливается во время сильного дождя в Ченнаи, Индия - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, 5 қарашада күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады деп болжанып отыр.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с сақталады. Павлодар қаласында түнде көктайғақ, тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.
5 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20, облыстың тау асуларында екпіні - 23 м/с.
Шымкент қаласында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Ауа райына байланысты республикалық маңыздағы бірнеше жол жабылды
Жаңалықтар
0