ЕАЭО еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жоба әзірлеу ұсынды

© Sputnik / Алексей ФилипповМигранты. Архивное фото
Мигранты. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаев Женевада Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Эми Поуппен келіссөз барысында ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша пилоттық жобаны әзірлеуді ұсынды.
“Біз Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыратын пилоттық жобаны әзірлеу және іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз”, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Келіссөз барысында тараптар көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың келешек бағыттарын, атап айтқанда, Еуразиялық кеңістіктегі еңбек ресурстарының қозғалысын реттеу мәселелерін талқылады.
“ЕЭК біліктілікті салыстыру негізінде еңбекші мигранттардың кәсіби дағдыларын тану саласындағы халықаралық тәжірибеге қызығушылық танытады. Комиссия жыл сайын Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасайды. Тізбеге енгізілген мамандықтарға қатысты біліктілік талаптары қабылданады”, - делінген хабарламада.
Совещание министров энергетики государств-членов Шанхайской организации сотрудничества - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
РФ еңбек мигранттары туралы заңнамасындағы өзгерістер ЕАЭО азаматтарыне әсер етпейді
Жаңалықтар
0