Ақтауда қатты дауылдан шатырлар ұшып, аялдама құлады: зардап шеккендер бар

© Photoархив сурет
архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Ақтауда қатты дауыл соғып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 қараша сағат 11:47-де Ақтау қаласы, 32 “А” және 32 “Б” шағын ауданының орталығында орналасқан аялдама құлады.
Аялдаманың құлауына желмен қатар оның демонтаждау жұмыстары барысында бекітілмегені де себеп болған
Әкімдіктің мәліметінше, "Алматыинжстрой" АҚ магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты аялдаманы демонтаждаған. Сондықтан аялдама өз орнынан уақытша қашық қойылған. Аялдаманың құлауы салдарынан екі адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
"Аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен екі науқас жеткізілді. Тағы бір науқас өзі келіп көмекке жүгінген. Олардың екеуі -1972 жылы туған әйел, 1976 жылы туған ер адам аялдаманың құлауы салдарынан зардап шеккен. 1988 жылғы зардап шегуші әскери бөлімнен келген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр, дейді дәрігерлер.
Қатты жел қаладағы бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкеткен.
"12:15 минут шамасында қазынашылық комитеті ғимаратының шатыры ұшып кетті. Шатырдың аумағы 3 шаршы метр. 12:17 минут шамасында Мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті", - делінген хабарламада.
Жел салдарынан Жетібай ауылындағы №3 жалпы білім беру мектебінің де шатыры да ұшқан.
"МАЭК" ЖШС электр станциясының желілері де істен шығып, бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды. Компания мәліметінше, қазір электр энергиясымен жабдықтау толықтай іске қосылды.
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2024
Ақтауда ауыз су тапшы – МАЭК себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0