Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады

© Photo : CC0 / cm_dasilvaАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстандық Alaqan биометриялық сервисі Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде таныстырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бірегей жобаның авторлары қытайлық кәсіпкерлермен, сондай-ақ басқа елдердің серіктестерімен жаңа байланыс орнатуға ниетті.
Alaqan – бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы төлемдер, қол жеткізуді бақылау және деректерді есепке алу үшін алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны сәйкестендіру саласында пайдаланатын инновациялық биометриялық жүйе.
Технология карталарды, қолма-қол ақшаны немесе мобильді құрылғыларды қажет етпестен төлем жасауға және авторизациялауға мүмкіндік береді.
"Біздің жүйеміз қазірдің өзінде мектептерде қолданылып келеді және Alaqan Mektep экожүйесі ретінде белгілі. Оның арқасында бала алақанының көмегімен мектепке кіреді, тамақ сатып алады, кітапханадан кітап алады, шкафын ашады және мұның бәрін ата-аналар бақылай алады", — деп атап өтті Alaqan компаниясының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.
Оның айтуынша бүгінгі таңда Alaqan Mektep жүйесі бірнеше өңірдің оқу орындарында енгізілді, қазірдің өзінде 300-ге жуық мектеп қосылды.
"Біз шетелде араб елдерінде де жобамызды ұсындық, онда біздің әзірлемеміз төлем жүйесі ретінде қолданылады. Ертең біз Сингапурға ұшқалы отырмыз, яғни, Оңтүстік-Шығыс Азия нарығын игереміз", - деп түйіндеді Нұрымбетов.
Жаңалықтар
0