Үйдің ішін жылытуға болады: 9-сынып оқушысы инновациялық жоба жасады

© Sputnik / Владислав ВодневВысоковольтная линия электропередачи. Казахстан
Высоковольтная линия электропередачи. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Абай облысында 9-сынып оқушысы күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Жеңіс Божаевтың өнертабысы күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқушының айтуынша, оның жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуге арналған. Ол үшін Жеңіс әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастады.
"Коллекторды құрастыру кезінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осылайша, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын қалыптастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиімділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы туған өлкемнің экологиясын жақсартуға үлес қосамын деп сенемін", – дейді жас өнертапқыш.
Оның айтуынша, күн коллекторы арқылы ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық ғимараттарды жылытуға және су қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болады. Ауыл шаруашылығы үшін 30-90°C аралығындағы су қажет екенін ескерген оқушы бұл жүйенің өңір тұрмысын жақсартуға септігін тигізетініне сенімді.
Аталған құрылғы сынақтан өтті. Оқушының есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үйдің ішін жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.
Жаңалықтар
0