https://sputnik.kz/20241104/munay-ondiru-kolemi-osti-biraq-key-zherde-qor-tausylyp-zhatyr--qazmunaygaz-48277967.html
Мұнай өндіру көлемі өсті, бірақ кей жерде қор таусылып жатыр – ҚазМұнайГаз
Мұнай өндіру көлемі өсті, бірақ кей жерде қор таусылып жатыр – ҚазМұнайГаз
Sputnik Қазақстан
"ҚазМұнайГаз"компаниясы 2024 жылдың тоғыз айындағы өндіріс көрсеткіштері туралы есебін жариялады. Жалпы өндіріс үш пайызға өсті 04.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-04T15:24+0500
2024-11-04T15:24+0500
2024-11-04T15:24+0500
мұнай
мұнай кен орыны
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (қайта айдау көлеміне дейінгі деректер) 2,8%-ға өсіп, 7 202 млн текше метрді құрады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.Магистральдық және теңіз мұнайын тасымалдаудың жалпы көлемі 6,4%-ға өсіп, 63197 мың тоннаны құрады.ҚМГ жеке өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 3,6%-ға өсіп, 18 337 мың тоннаны құрады, оның 64,9%-ы экспортқа шығарылды.ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 6,8%-ға өсіп, 3 973 мың тоннаны құрады.Компания еншілес кәсіпорындардың өндірістік қызметіне де талдау жасады.Компанияның мәлімдемесінде "Өзенмұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 5,1%-ға өсіп, 3 809 мың тоннаны құрады; газ өндіру (ілеспе мұнай) 2,0%-ға өсіп, 455 млн текше метрді құрады."Ембімұнайгаз" АҚ-да да мұнай өндіру 3,3%-ға өсіп, 2 077 мың тоннаны құрады. Бірақ газ өндіру 4,8%-ға төмендеп, 149 млн текше метрді құрады."Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 0,3%-ға өсіп, 2 302 мың тоннаны құрады, газ өндіру 3,9%-ға өсіп, 323 млн текше метрді құрады.Қолданыстағы басқа операциялық активтерде өндіру 15,4%-ға өсіп, 2 460 мың тоннаны құрады, газ өндіру 22,3%-ға өсіп, 740 млн текше метрді құрады."Өсім ең алдымен Дунга кен орнын сатып алу және өткен жылдың соңында Рожков кен орнын ("Орал Ойл-Газ" ЖШС) іске қосумен, сондай-ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды іске қосумен байланысты", - деп жазылған "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесінде.Компания "қорлардың табиғи таусылуына байланысты" Құмкөл тобындағы кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендегені туралы да хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, мұнай кен орыны, қазмұнайгаз
мұнай, мұнай кен орыны, қазмұнайгаз
Мұнай өндіру көлемі өсті, бірақ кей жерде қор таусылып жатыр – ҚазМұнайГаз
"ҚазМұнайГаз"компаниясы 2024 жылдың тоғыз айындағы өндіріс көрсеткіштері туралы есебін жариялады. Жалпы өндіріс үш пайызға өсті
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (қайта айдау көлеміне дейінгі деректер) 2,8%-ға өсіп, 7 202 млн текше метрді құрады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.
Магистральдық және теңіз мұнайын тасымалдаудың жалпы көлемі 6,4%-ға өсіп, 63197 мың тоннаны құрады.
ҚМГ жеке өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 3,6%-ға өсіп, 18 337 мың тоннаны құрады, оның 64,9%-ы экспортқа шығарылды.
ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 6,8%-ға өсіп, 3 973 мың тоннаны құрады.
Компания еншілес кәсіпорындардың өндірістік қызметіне де талдау жасады.
Компанияның мәлімдемесінде "Өзенмұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 5,1%-ға өсіп, 3 809 мың тоннаны құрады; газ өндіру (ілеспе мұнай) 2,0%-ға өсіп, 455 млн текше метрді құрады.
"Ембімұнайгаз" АҚ-да да мұнай өндіру 3,3%-ға өсіп, 2 077 мың тоннаны құрады. Бірақ газ өндіру 4,8%-ға төмендеп, 149 млн текше метрді құрады.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 0,3%-ға өсіп, 2 302 мың тоннаны құрады, газ өндіру 3,9%-ға өсіп, 323 млн текше метрді құрады.
Қолданыстағы басқа операциялық активтерде өндіру 15,4%-ға өсіп, 2 460 мың тоннаны құрады, газ өндіру 22,3%-ға өсіп, 740 млн текше метрді құрады.
"Өсім ең алдымен Дунга кен орнын сатып алу және өткен жылдың соңында Рожков кен орнын ("Орал Ойл-Газ" ЖШС) іске қосумен, сондай-ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды іске қосумен байланысты", - деп жазылған "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесінде.
Компания "қорлардың табиғи таусылуына байланысты" Құмкөл тобындағы кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендегені туралы да хабарлады.