https://sputnik.kz/20241104/ishki-ister-ministrliginde-kiberqylmyspen-kuresetin-departament-quryldy-48286599.html
Ішкі істер министрлігінде киберқылмыспен күресетін департамент құрылды
Ішкі істер министрлігінде киберқылмыспен күресетін департамент құрылды
Sputnik Қазақстан
Оған осы саладағы қылмыс санының өсуі себеп болды 04.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-04T22:12+0500
2024-11-04T22:12+0500
2024-11-04T22:12+0500
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48279815_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a724d530325f020822717f1f8f1a3067.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігіне қарасты департамент киберқылмыстарды анықтаумен, ашумен және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.Ішкі істер министрі жеке құрамға Киберқылмыспен күрес департаментінің басшысы бполиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.Айта кетері, Қазақстанның ішкі істер министрлігінде жоғары технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі (ЖТСҚҚБ) сонау 1999 жылы құрылған болатын. Екі жылдан кейін ол "К" бөлімі" деп аталатын бөлім болып қайта құрылды. Кейіннен ішкі істер министрлігінде Киберқылмыспен күрес орталығы құрылды, ол 2008-2023 жылдар аралығында жұмыс істеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48279815_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_cab040431e9589e2046e7babd0341659.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс
Ішкі істер министрлігінде киберқылмыспен күресетін департамент құрылды
Оған осы саладағы қылмыс санының өсуі себеп болды
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігіне қарасты департамент киберқылмыстарды анықтаумен, ашумен және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.
"Технологияның қарқынды дамуы және интернет-қауіптердің көбеюі жағдайында мамандандырылған бөлімшенің құрылуы бізге қазіргі заманның сын-қатерлерімен тиімдірек күресуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Ішкі істер министрі жеке құрамға Киберқылмыспен күрес департаментінің басшысы бполиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.
Айта кетері, Қазақстанның ішкі істер министрлігінде жоғары технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі (ЖТСҚҚБ) сонау 1999 жылы құрылған болатын. Екі жылдан кейін ол "К" бөлімі" деп аталатын бөлім болып қайта құрылды. Кейіннен ішкі істер министрлігінде Киберқылмыспен күрес орталығы құрылды, ол 2008-2023 жылдар аралығында жұмыс істеді.