https://sputnik.kz/20241104/astanada-lrt-poyyzy-operatorlary-oqytylady--sharty-zhariyalandy-48279221.html
Астанада LRT пойызы операторлары оқытылады
Астанада LRT пойызы операторлары оқытылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астанада жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп... 04.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-04T15:48+0500
2024-11-04T15:48+0500
2024-11-04T15:51+0500
астана lrt
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48044538_0:156:1280:876_1920x0_80_0_0_1c712d01b177e840436ce323217ada32.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астанада жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап.LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз жүреді. Ал операторлар LRT пойыз операторлары жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын бақылайды.Негізгі міндеттері:Оқу мерзімі – 1 жыл. Оқу ақысы да төленеді. Одан кейін Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдайды."Негізгі мақсатымыз – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу). Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Ал жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады", - дейді компания мамандары.Үміткерлерге қойылатын талаптар:Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады. Ал сұрақтар болса, +7 (7172) 577 177 (ішкі 102) телефонына хабарласуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48044538_6:0:1275:952_1920x0_80_0_0_fdf6ef1e474632c30242017f186bdd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt
Астанада LRT пойызы операторлары оқытылады
15:48 04.11.2024 (жаңартылды: 15:51 04.11.2024) АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астанада жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап.
LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз жүреді. Ал операторлар LRT пойыз операторлары жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын бақылайды.
барлық қауіпсіздік нормаларын қадағалау;
автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау;
ақауларды анықтау және жою;
вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау;
жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу;
жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Оқу мерзімі – 1 жыл. Оқу ақысы да төленеді. Одан кейін Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдайды.
"Негізгі мақсатымыз – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу). Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Ал жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады", - дейді компания мамандары.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл.
Түйіндеме CTS ресми
сайты арқылы қабылданады. Ал сұрақтар болса, +7 (7172) 577 177 (ішкі 102) телефонына хабарласуға болады.