Үш қазақ боксшысы әлем чемпионы болды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2024
Жазылу
Бүгін тағы 4 боксшымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Черногория астанасы Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрамаға алғашқы алтынды 67 келі салмақта Төрехан Сабырхан алып берді. Финалда ол кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяға еш мүмкіндік қалдырмай, 4:1 есебімен ұтты.
Санжарәлі Бегалиев 75 келі салмақта алтыннан алқа тақты – финалда өзбекстандық Жафарбек Шахбазовты жеңді.
Қыздар арасында бірінші болып алтынды қазіргі әлем чемпионы Аружан Зейноллаева жеңіп алды. 81 келі салмақтың финалында өзбекстандық Рухшона Паприевадан басым түсті.
Бүгін қазақ боксшылары тағы төрт алтын жеңіп алуы мүмкін – олар 50, 51, 66 және 71 келі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жек өткізеді.
Тікелей эфир Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.
Жаңалықтар
0