https://sputnik.kz/20241102/qazaqstanda-zamanaui-koshpendilerge-arnalgan-zhana-neo-nomad-vizasy-engizildi-48229787.html
Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді
Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды туризм және спорт... 02.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-02T13:38+0500
2024-11-02T13:38+0500
2024-11-02T13:38+0500
туризм
виза
https://sputnik.kz/img/old/842/10/8421014_0:80:1141:721_1920x0_80_0_0_8b28e1c7cc1ff32fdf5164671fa514eb.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режимде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.Виза қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған. Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда, оны жылына 500 адам алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл бағдарламаның маңызды аспектісі."Туризм және спорт, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан заманауи көшпенділердің саяхат картасына енді. Олардың әлемдегі саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз. Әсіресе Алматы мен Астана қалалары нео-көшпенділер үшін тартымды 150 қаланың қатарына кіреді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
https://sputnik.kz/20241101/astana-duniezhuzilik-turistik-alyansqa-mushe-boldy-48209556.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/842/10/8421014_36:0:1103:800_1920x0_80_0_0_b3b92394d449d90484b46c4ed8a70094.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, виза
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған.
Жаңа визалық режимде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.
"Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 000 АҚШ долларын құрауы қажет. Сонымен қатар негізгі кіріс талаптарынан басқа, шетелдік өтініш берушіге медициналық сақтандыру және соттылықтың жоқтығы туралы анықтама талап етіледі", - делінген хабарламада.
Виза қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған. Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде.
Виза енгізілген жағдайда, оны жылына 500 адам алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл бағдарламаның маңызды аспектісі.
"Туризм және спорт, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан заманауи көшпенділердің саяхат картасына енді. Олардың әлемдегі саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз. Әсіресе Алматы мен Астана қалалары нео-көшпенділер үшін тартымды 150 қаланың қатарына кіреді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.