Қазақстан мен Ресей заманауи энергетика мамандарын дайындайтын болады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденты в аудитории, архивное фото
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейден келген 51 студент смарт энергия бойынша оқуды бастады. Бір орынға үш адам өтініш білдірді.
"Тарату желілерін цифрлық модельдеудегі инженер" желілік білім беру бағдарламасы бірден Ресейдің Қазан, Новосібір және Севастополь қалаларындағы үш университетінде, сондай-ақ Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде іске қосылды.
Оқыту "Energynet.LAB" интеллектуалды бөлінген энергия саласындағы ғылыми және оқу зертханаларының базасында жүргізіледі.
Бұл бағдарлама алғаш рет Ресейде пайда болды. Оқыту бір оқу жылына арналған және үш блоктан тұрады:
теориялық және практикалық жаттығулар;
нақты желілік компанияда тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша қорытынды біліктілік жұмысы.
Ал үздік студенттерге бонус ретінде – тәжірибеде электр желілеріне арналған интеллектуалды жүйелерді енгізген санаулы компаниялардың бірі болып табылатын технологиялық серіктес компанияда тағылымдамадан өту.
EnergyNet бағытының мақсаттары - Ресейде және шетелде жұмыс істеудің жаңа принциптері бойынша энергияны құру, отандық өндірушілер арасында әлеуетті бәсекелестік артықшылықтарды дамыту, интеллектуалды энергияның күрделі жүйелері мен қызметтері нарығында ұлттық көшбасшыларды құру.
В Астане провели встречу с кандидатами на получение квоты для поступления в вузы России - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2024
Астанада Ресейдің жоғары оқу орындарына түсуге ниетті үміткерлермен кездесу өтті
Жаңалықтар
0