Шетелдік инвесторлармен 7 млрд доллардың келісімшарты жасалды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВице-премьер РК Канат Бозумбаев
Вице-премьер РК Канат Бозумбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада KGIR–2024 аясында жалпы сомасы 7 млрд долларға 32 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы шараға премьер-министр Олжас Бектенов те қатысты. Үкімет тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады.
“Біз Қазақстандағы шетелдік өндірістердің дамуымен өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға талпынатын боламыз. Қазақстандағы кадрларды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Біз шетелдік инвесторлардың барлық деңгейде жергілікті мамандарды белсенді түрде еңбекпен қамтуын құптаймыз әрі қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады”, — деді Бектенов.
Рәсімделген құжаттар:
Ақмола облысы әкімдігі, KAZAKH INVEST және Dalian Hesheng Holding Group арасындағы бидайды терең өңдеу бойынша құны $650 млн болатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, KAZAKH INVEST және CHN Energy арасындағы көмір химия өнімдерін өндіру бойынша $4 млрд-қа стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
“Orhun Medical” ЖШС мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ҚР денсаулық сақтау саласының медициналық қызметтері мен инфрақұрылымын жақсарту бойынша $80 млн-ға инвестициялық келісім;
“ SILK WAY ENERGY LTD”мен ҚР Үкіметі арасындағы Жетісу облысының Панфилов ауданында тәулігіне 1 000 000 нм3 қуат тұтынатын табиғи газды сұйылту зауыт салу туралы жалпы құны $305 млн-ды құрайтын инвестициялық келісім;
“Carlsberg Kazakhstan”ЖШС мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы елімізде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша жалпы құны $100 млн базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім;
“Шин-Лайн” ЖШС мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы әлемнің жетекші компанияларының қатысуымен Алматы облысында азық-түлік кластерін құру туралы базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім (35 өндіріс орны пысықтауда);
Қостанай облысының әкімдігі мен “Tech Digital” ЖШС арасындағы алюминий қорытпаларынан жасалған жоғары сапалы шыбықтар мен профильдер өндіру саласындағы базалық қағидаттар туралы келісім;
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен "Hyundai Solar KZ 777" ЖШС арасындағы құны $167 млн болатын күн электр стансасын, қалдықтарды өңдеу кешенін, қоқыс жағу кешенін, модульдік жылыжай кешенін салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;
“QazaqGaz”ҰК" АҚ мен CNPC арасындағы "Солтүстік 1" блогындағы геологиялық барлау жұмыстарының әлеуетін зерттеудің бірлескен жоспары;
“Отбасы банкі” АҚ мен Азия даму банкі арасындағы елімізде инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілету жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
Шарада үздік инвесторлар да марапатталды.
Здание правительства РК в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Экономика
Премьер-министр инвесторлар тарапынан жиі көтерілген мәселенің шешілгені туралы айтты
Жаңалықтар
0