Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Еуропа елдері Украинаға қатысты жоспарды қолдағанын айтты

© Sputnik / Виктор ТолочкоПремьер-министр Венгрии Виктор Орбан
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропа елдері оның Украинаға қатысты “бейбітшілік жоспарын” қолдамағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
“Украинадағы қақтығысты шешу туралы ұсынысты еуропалықтар қабылдамады, сондықтан біз қытайлықтармен осы мәселе бойынша кеңесіп жатырмыз. Енді қыркүйекте біз БҰҰ-да “бейбітшілік достары” тобын құрдық, оған Қытай ресми түрде бастамашы болды. Енді осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз”, - деді Венгрия үкіметінің басшысы Еуропадағы бейбітшілік пікірталасында сөйлеген сөзінде.
Орбанның айтуынша, бұл көңіл түсірерлік жағдай.

“Бірінші болып бітімді және атысты тоқтатуды қалаған еуропалықтар соғысты қолдамау керектігін түсіне алмады. Менің ойымша, оларда Украинадағы соғыста жеңіске жету мақсаты жоқ , бірақ соғысты қолдамау деген мақсат болуы керек. Дегенмен мен бұл ойға Еуропаның ірі елдерінің ешқайсысының көзін жеткізе алмадым, сондықтан менің Еуропаға қатысты үмітім жоқ”, - деді премьер-министр.

Шілде айының басында Орбан Ресей президенті Владимир Путинмен, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Владимир Зеленскиймен кездесулер өткізді. Артынша Венгрия премьер-министрі Еуроодақтың барлық басшысына жағдайды шынайы бағалауға, нақты мақсаттар мен мерзімдерге негізделген Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын жолдады.
Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель және бірқатар еуропалық саясаткер Орбан сыртқы аренада Еуроодақтың мүддесі атынан сөйлей алмайтыные және Ресей Федерациясы мен Қытайға баруға еуропалық мандаты жоқ деп мәлімдеме жасады. Дегенмен Венгрия алты ай бойы ЕО Кеңесінің төрағасы болған.
Олаф Шольц - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина қақтығыс кезінде НАТО-ға мүше бола алмайды - Шольц
Жаңалықтар
0