https://sputnik.kz/20241101/investitsiyalyq-zhobalardy-iske-asyrudy-zhenildetetin-zhasyl-daliz-iske-qosylady-48224379.html
Инвестициялық жобаларды іске асыруды жеңілдететін "Жасыл дәліз" іске қосылады
Инвестициялық жобаларды іске асыруды жеңілдететін "Жасыл дәліз" іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Бұл шетелдік инвесторлардың елде жобаларды іске асыруды жеделдету үшін жасалған жаңа механизм 01.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-01T18:35+0500
2024-11-01T18:35+0500
2024-11-01T18:35+0500
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613186_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_8ed5ddfd1ca6db7ff40305349352ca1f.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда инвестициялық басым жобаларды мақұлдау процесін жеделдету туралы шешім қабылданды және "Жасыл дәліз" немесе "Fast-track" тетігі іске қосылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."Осылайша, шетелдік бизнеске АХҚО-дағы ағылшын құқығы мен ұлттық құқықтық жүйе арасында таңдау мүмкіндігі беріледі", - делінген хабарламада.Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен жаһандық инвестиция бойынша VII қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) барысында белгілі болды.Айта кетері, бүгінде елімізде 14 арнайы экономикалық аймақ бар, онда инвесторлар үшін мыналар қанастырылған:Сондай-ақ кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы инвестициялық штаб тұрақты негізде жұмыс істейді.Премьер-министр өнеркәсіп дамуының ел үшін маңызды басымдық екеніне тоқталып, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес қауымдастығымен тығыз әріптестік орнатуға шақырды."Біз Қазақстанда шетелдік өндірістің дамуымен қатар өнімде қазақстандық үлестің артуына ұмтыламыз. Қазақстандық кадрларды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Біз шетелдік инвесторларды барлық деңгейдегі жергілікті мамандарды белсенді жұмысқа тартуға шақырамыз және қолдаймыз", – деді Олжас Бектенов.KGIR-2024 қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын 32 құжат пакетіне қол қойылғаны бұған дейін хабарланған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613186_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_f3391911525b73f5953ff061de62f05b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция
Инвестициялық жобаларды іске асыруды жеңілдететін "Жасыл дәліз" іске қосылады
Бұл шетелдік инвесторлардың елде жобаларды іске асыруды жеделдету үшін жасалған жаңа механизм
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда инвестициялық басым жобаларды мақұлдау процесін жеделдету туралы шешім қабылданды және "Жасыл дәліз" немесе "Fast-track" тетігі іске қосылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Осылайша, шетелдік бизнеске АХҚО-дағы ағылшын құқығы мен ұлттық құқықтық жүйе арасында таңдау мүмкіндігі беріледі", - делінген хабарламада.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен жаһандық инвестиция бойынша VII қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) барысында белгілі болды.
Айта кетері, бүгінде елімізде 14 арнайы экономикалық аймақ бар, онда инвесторлар үшін мыналар қанастырылған:
салық және кедендік преференциялар қарастырылған;
шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі жеңілдетілді;
бизнес үшін әкімшілік кедергілер азайды.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы инвестициялық штаб тұрақты негізде жұмыс істейді.
Премьер-министр өнеркәсіп дамуының ел үшін маңызды басымдық екеніне тоқталып, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес қауымдастығымен тығыз әріптестік орнатуға шақырды.
"Біз Қазақстанда шетелдік өндірістің дамуымен қатар өнімде қазақстандық үлестің артуына ұмтыламыз. Қазақстандық кадрларды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Біз шетелдік инвесторларды барлық деңгейдегі жергілікті мамандарды белсенді жұмысқа тартуға шақырамыз және қолдаймыз", – деді Олжас Бектенов.
KGIR-2024 қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын 32 құжат пакетіне қол қойылғаны бұған дейін хабарланған болатын.