Әскери кафедралар офицер даярлау бағдарламаларын қайта қарайды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Жазылу
Әскери кафедра бұл әскери билет алудың немесе қызметтен жалтарудың мүмкіндігі емес, деп мәлімдеді қорғаныс министрі
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери кафедралардың басшыларына офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларын қайта қарауды тапсырды.
Оның айтуынша Қарулы күштер ұсынған критерийлер ескерілуге тиіс.
"Қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, ел президенті – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы азаматтарды әскери қызметке дайындау мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Әйтсе де біз запастағы офицерлерге тиісті көңіл бөле бермейміз. Әскери кафедралардың барлық қызметі әскери іс бойынша берік білім алуға бағытталуы тиіс. Әскери кафедралардың қызмет аясы кеңеюі керек. Олар жастарды әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарына айналуға тиіс", – деп атап өтті қорғаныс министрі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери міндеттілерді әскери дайындау мен қайта дайындауды жетілдіру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жаңа талаптар шеңберінде Қорғаныс министрлігіне білім беру ұйымдарында әскери дайындықты мониторингілеу және талдау құзыреті беріледі. Сонымен қатар әскери кафедраларда жекелеген тапшы мамандықтар бойынша запастағы қатардағы жауынгерлерді дайындау енгізіледі.
"Әскери кафедра бұл әскери билет алудың немесе қызметтен жалтарудың мүмкіндігі емес. Біріншіден, бұл біздің резервіміз. Әскери кафедраны бітірген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскерлерге келіп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануы керек. Ал сіздердің міндетіңіз – оларды жоғары патриотизм рухында тәрбиелеу", – деп жалғастырды қорғаныс министрі.
Кеңес барысында әскери кафедраны бітірген запастағы офицерлер мен сержанттарды есепке алудың қазіргі жағдайы және оларды әскери қызметке шақыру туралы баяндамалар жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Онда запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша 15 мыңға жуық студент дайындықтан өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0