Сын-қатерлерге қарсы тұру үшін мемлекеттердің күшін біріктіру керек – Лукашенко

© Photo : Пресс-служба президента БеларусиАлександр Лукашенко выступает на II Международной конференции по евразийской безопасности
Александр Лукашенко выступает на II Международной конференции по евразийской безопасности - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Жазылу
Оның айтуынша әлемде халықаралық қауіпсіздікке кепілдік беретін заңды құралдар қалмады
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгінгі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру үшін мемлекеттердің күшін біріктіру керектігін айтты.
"Бізге бүгінгі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрудың тиімді шаралары қажет. Егер біз бірікпесек, осы шараларды әзірлеп, жүзеге асырмасақ, қиындық туындайды", - деді Лукашенко Минскіде өткен Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда.
Оның айтуынша әлемде халықаралық қауіпсіздікке кепілдік беретін заңды құралдар қалмады, бұл салада жаңа келісім жасау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.
"Біз бүгін әскери қауіпсіздік саласында кепілдік беретін заңды халықаралық-құқықтық құжаттардың іс жүзінде қалмағанын айтуға тиіспіз", - деді Лукашенко.
Президент бұл салада жалпы алғанда екі құжат – Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Стратегиялық шабуылдау қару-жарағы туралы шарт қалғанын ерекше атап өтті.
"Тіпті олар да жұмыс істемейді. Біріншісі іс жүзінде орындалмайды, ал екіншісі моральдық тұрғыдан ескірген", - деп атап өтті Лукашенко.
Беларусь президенті АҚШ жаһандық қауіпсіздік кепілі рөлін атқара алмай отырғанын айтты.
"Әлемді шарпыған дағдарыстың ауқымы айқындала түсуде. Бүкіл социалистік лагерь ыдырағаннан кейін өзіне еркін әлемнің лидері атағын алған Америка Құрама Штаттары өз әлеуетіне қарамастан, қауіпсіздіктің жаһандық тірегі және кепілі бола алмады", - деді Лукашенко.
Ол АҚШ-та азаматтық соғыс болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Америка Құрама Штаттарында ішкі азаматтық соғыс басталып кете ме деп қорқамын, осыған келе жатыр. Мұны өз қолымен істеп жатыр. Сөйте тұра, әлемде тәртіп орнатқысы келеді. Алдымен өз еліңде тәртіп орнатып ал, содан кейін ғана оны әлем жұртшылығына көрсет", - деді Лукашенко.
Осы орайда Александр Лукашенко Батыс шенеуніктері егер Минск Украинаға әскер жіберетін болса, санкция саламыз деп қорқытқанын мәлімдеді.
"Жақында делдал арқылы АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірімен хат алмасуға тура келді. Олар бізді: "Егер Ресейге көмектесіп, солтүстік арқылы Украинаға кіретін болсаңыздар, біз санкция саламыз, сіздермен соғыс бастаймыз" деп қорқытты", - деді ол.
Беларусь президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауынсыз заңсыз санкциялар қолдану тәжірибесін жою қажет деп мәлімдеді.
"БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімінсіз заңсыз санкцияларды қолдану тәжірибесін жою керек, мұндай қысымға жол бермейтін халықаралық құқықтық кепілдіктердің тиімді механизмін жасау қажет", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0