https://sputnik.kz/20241031/qazaqstanda-etti-en-kop-tutynatyn-oblys-belgili-boldy-48205121.html
Қазақстанда етті ең көп тұтынатын облыс белгілі болды
Қазақстанда етті ең көп тұтынатын облыс белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Маңғыстаулықтар Шымкент тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін 65%-ке көп тұтынады 31.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-31T22:11+0500
2024-10-31T22:11+0500
2024-10-31T22:11+0500
ет
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1161/06/11610622_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_798638a6ba66ff56666624989ab34b5c.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Spunik. Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын аймақтарға зерттеу жүргізілді. Қай аймақтың тұрғындары етті жақсы көреді, ал қай аймақ етке құмар емес, бұл туралы Energyprom.kz порталы жазды.Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 315,8 мың тонна ет және тағамдық қосалқы өнімдер өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ке артық. Жаңа піскен немесе мұздатылған құс өнімі 107,2 мың тонна болды.Жалпы, өткен жылы ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 80,1 кг болды. Десе де, Қазақстан ет жегенді жақсы көретін басқа елдермен салыстырғанда едәуір артта қалып отыр.Сонымен, World Population Review мәліметі бойынша, етті ең жақсы көретін ел – Тонго, онда әр адам жылына орта есеппен 147,7 кг ет өнімдерін тұтынады. Одан кейін Моңғолия (137,8 кг), Сент-Винсент және Гренадиндер (124,4 кг) және АҚШ (122,8 кг) келеді. Ал Бурунди тұрғындары етті ең аз жейтін ел, мұнда жан басына шаққанда жылына орта есеппен 3,7 кг ғана тұтынады.Ал Қазақстанда етті ең көп жейтіндер – маңғыстаулықтар, қаңтар-маусым айларында орта есеппен әрбір тұрғын 49,1 кг ет өнімдерін тұтынған. Маңғыстаулықтар Шымкент тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін 65%-ке көп тұтынады.Екінші және үшінші орында Жамбыл мен Атырау облысы тұр. Етті ең аз тұтынатындар – Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1161/06/11610622_115:0:1252:853_1920x0_80_0_0_52dff2b28b3d102a7c593aeffc6d685a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, қазақстан
Қазақстанда етті ең көп тұтынатын облыс белгілі болды
Маңғыстаулықтар Шымкент тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін 65%-ке көп тұтынады
АЛМАТЫ, 31 қазан – Spunik. Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын аймақтарға зерттеу жүргізілді. Қай аймақтың тұрғындары етті жақсы көреді, ал қай аймақ етке құмар емес, бұл туралы Energyprom.kz порталы жазды.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 315,8 мың тонна ет және тағамдық қосалқы өнімдер өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ке артық. Жаңа піскен немесе мұздатылған құс өнімі 107,2 мың тонна болды.
Жалпы, өткен жылы ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 80,1 кг болды. Десе де, Қазақстан ет жегенді жақсы көретін басқа елдермен салыстырғанда едәуір артта қалып отыр.
Сонымен, World Population Review мәліметі бойынша, етті ең жақсы көретін ел – Тонго, онда әр адам жылына орта есеппен 147,7 кг ет өнімдерін тұтынады. Одан кейін Моңғолия (137,8 кг), Сент-Винсент және Гренадиндер (124,4 кг) және АҚШ (122,8 кг) келеді. Ал Бурунди тұрғындары етті ең аз жейтін ел, мұнда жан басына шаққанда жылына орта есеппен 3,7 кг ғана тұтынады.
Ал Қазақстанда етті ең көп жейтіндер – маңғыстаулықтар, қаңтар-маусым айларында орта есеппен әрбір тұрғын 49,1 кг ет өнімдерін тұтынған. Маңғыстаулықтар Шымкент тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін 65%-ке көп тұтынады.
Екінші және үшінші орында Жамбыл мен Атырау облысы тұр. Етті ең аз тұтынатындар – Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары.