https://sputnik.kz/20241031/norvegiya-ukrainaga-118-million-dollar-boluge-sheshim-qabyldady-48205572.html
Норвегия Украинаға 118 миллион доллар бөлуге шешім қабылдады
Норвегия Украинаға 118 миллион доллар бөлуге шешім қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Норвегия Украинаға F-16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға 118 миллион доллар бөледі, деп хабарлады осы елдің... 31.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-31T19:01+0500
2024-10-31T19:01+0500
2024-10-31T19:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45757971_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7f412c42ad5638c71818e979cfb5bec9.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Норвегия Украинаға F-16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға 118 миллион доллар бөледі, деп хабарлады осы елдің қорғаныс министрлігі.Биыл шілде айында Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стёре Украинаға алты F-16 жойғыш ұшағын беретінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ әуе қорғанысына 94 миллион доллардан астам қаржы бөлінді. Сол кезде Стёре күзде Киевке IRIS-T зеңбірек қондырғысы жіберілетінін де айтқан. Норвегия әуе қорғанысы қондырғыларына қызмет көрсетуге қажетті қаржыны да беріп отырады.Министр Бьёрн Арильд Грам 29-30 қазан күндері Одессаға барып келді. Сонда Норвегияның Украина әскери-әуе күштерін қолдау көлемі ұлғаятынын мәлімдеді.Қаржылай көмек Ұлыбританиямен бірлескен коалиция асында Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қаржыландыруға да жіберіледі.Айта кетері, 2023 жылы желтоқсан айында Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Норвегиямен бірге Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қолдау бойынша жаңа коалицияны бастайтынын мәлімдеді.Ал Норвегияның NRK телерадиокешені Нансен бағдарламасының 2030 жылға дейін ұзартылатынын хабарлады. Соның аясында Украинаға берілетін көмектің көлемі де 7,1 миллиард доллардан 12,8 миллиардқа дейін ұлғаяды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45757971_198:0:1994:1347_1920x0_80_0_0_191b60f1ae9a78f0959583545af7469d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Норвегия Украинаға F-16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға 118 миллион доллар бөледі, деп хабарлады осы елдің қорғаныс министрлігі.
Биыл шілде айында Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стёре Украинаға алты F-16 жойғыш ұшағын беретінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ әуе қорғанысына 94 миллион доллардан астам қаржы бөлінді. Сол кезде Стёре күзде Киевке IRIS-T зеңбірек қондырғысы жіберілетінін де айтқан. Норвегия әуе қорғанысы қондырғыларына қызмет көрсетуге қажетті қаржыны да беріп отырады.
Министр Бьёрн Арильд Грам 29-30 қазан күндері Одессаға барып келді. Сонда Норвегияның Украина әскери-әуе күштерін қолдау көлемі ұлғаятынын мәлімдеді.
"Қосымша жарнаның көлемі - 1,3 миллиард норвегиялық крон (118,3 миллион доллар - ред.). Осы ақша – 16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға жұмсалады", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Қаржылай көмек Ұлыбританиямен бірлескен коалиция асында Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қаржыландыруға да жіберіледі.
Айта кетері, 2023 жылы желтоқсан айында Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Норвегиямен бірге Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қолдау бойынша жаңа коалицияны бастайтынын мәлімдеді.
Ал Норвегияның NRK телерадиокешені Нансен бағдарламасының 2030 жылға дейін ұзартылатынын хабарлады. Соның аясында Украинаға берілетін көмектің көлемі де 7,1 миллиард доллардан 12,8 миллиардқа дейін ұлғаяды.