Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 2 млрд еуро құяды

© AFP 2024 / VINCENZO PINTOМужчина держит в руке купюру в сто евро
Мужчина держит в руке купюру в сто евро  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Жазылу
Қомақты қаржы таяу жылдары "жасыл экономика" талаптарын орындау аясында бөлінеді
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Еуропалық қайта құру және даму банкі таяу жылдары"жасыл экономика" талаптарын орындау аясында Қазақстанға 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы банк президенті Одиль Рено-Бассо мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде мәлімдеді.
Одиль Рено-Бассо Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келді.
"Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанның инвестициялық жобаларын мұқият зерделейтінін жеткізіп, инфрақұрылымдық дамуды алдағы уақытта да қолдауға ниетті екенін мәлімдеді. ЕҚДБ таяу жылдары "жасыл экономика" талаптарын орындау аясында елімізге 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отыр", - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы 22 жобаны жүзеге асыруға 650 миллион доллар бөледі.
Әңгімелесу барысында тұрғын үй-коммуналдық секторы, шағын және орта бизнес, қаржы, энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және ақпараттық технология сияқты экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Жаңалықтар
0