https://sputnik.kz/20241031/astanada-qyzdy-qonaq-uyge-apargan-zhigit-7-myn-dollarynan-ayyryldy-48207628.html
Астанада қызды қонақ үйге апарған жігіт 7 мың долларынан айырылды
Астанада қызды қонақ үйге апарған жігіт 7 мың долларынан айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан астам шығын әкелді, деп хабарлады Polisia.kz. 31.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-31T21:40+0500
2024-10-31T21:40+0500
2024-10-31T21:44+0500
астана
қонақ үй
https://sputnik.kz/img/831/03/8310388_0:66:2500:1472_1920x0_80_0_0_9ab1b2e72719f785f8f88c6918a4916b.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан астам шығын әкелді, деп хабарлады Polisia.kz.Жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді жалғастырып, соңында қонақүйге барған.Жігіт қызға байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың АҚШ долларын көрсеткен. Қонақ үй бөлмесінде жігіт ұйықтап қалғаннан кейін қыз 7200 АҚШ долларын алып, кетіп қалған. Оянғаннан кейін көлік сатып алуды жоспарлаған қаражатының жоғалғанын білген елорда қонағы полицияға хабарласты.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген 25 жастағы күдіктіні бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыз кінәсін мойындады. Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.
https://sputnik.kz/20240821/shymkentte-balalardy-shashyndy-orip-beremin-dep-aldagan-boyzhetken-ustaldy-46496179.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/03/8310388_226:0:2274:1536_1920x0_80_0_0_c9ad6219f12e1defb4511ed68e93394f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қонақ үй
Астанада қызды қонақ үйге апарған жігіт 7 мың долларынан айырылды
21:40 31.10.2024 (жаңартылды: 21:44 31.10.2024) АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан астам шығын әкелді, деп хабарлады
Polisia.kz. Жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді жалғастырып, соңында қонақүйге барған.
Жігіт қызға байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың АҚШ долларын көрсеткен. Қонақ үй бөлмесінде жігіт ұйықтап қалғаннан кейін қыз 7200 АҚШ долларын алып, кетіп қалған. Оянғаннан кейін көлік сатып алуды жоспарлаған қаражатының жоғалғанын білген елорда қонағы полицияға хабарласты.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген 25 жастағы күдіктіні бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыз кінәсін мойындады. Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.