https://sputnik.kz/20241030/ulytauda-sheneunikterdin-qylmystyq-areketi-saldarynan-10-uydi-su-basqan-48171347.html
Ұлытауда шенеуніктердің қылмыстық әрекеті салдарынан 10 үйді су басқан
Ұлытауда шенеуніктердің қылмыстық әрекеті салдарынан 10 үйді су басқан
Sputnik Қазақстан
Көктемдегі су тасқыны кезінде Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды 30.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-30T11:43+0500
2024-10-30T11:43+0500
2024-10-30T11:43+0500
ұлытау облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_6f7fd098287416cbbbd81fe00ec187a0.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ "Жезді өзенін санациялау" жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады.Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген су көлемін өткізу қабілетін азайтты.Лауазымды тұлғалардың бұл әрекеті көктемдегі су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты. Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0e903e07e42f78e3830b6c4d090c2a4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы
Ұлытауда шенеуніктердің қылмыстық әрекеті салдарынан 10 үйді су басқан
Көктемдегі су тасқыны кезінде Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ "Жезді өзенін санациялау" жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады.
Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген су көлемін өткізу қабілетін азайтты.
"Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде атқарылмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген", - деп жазылған ҚМА баспасөз хабарламасында.
Лауазымды тұлғалардың бұл әрекеті көктемдегі су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты. Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.
Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.