ТКШ жүйесін жаңғыртуға 10 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тартылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПорыв теплотрассы
Порыв теплотрассы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Жазылу
Бектенов ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасы әзірленіп жатқанын айтты
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасы аясында 2029-2030 жылдарға дейін шамамен 10 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тартылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сұрағына берген жауабында айтты.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов премьер-министрден президенттің 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын $450 млрд-қа дейін өсіру жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын сұрады
"Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрады. Сонымен қатар бұл өсімге мұнай өндіру көлемі төмендеп жатқан кезде қол жеткізілді. Яғни, өсім басқа да мұнайдан тыс салалар есебінен өсіп жатыр. Экономика ауыл шаруашылығы есебінен дамып келеді, ол 11,4%-ға өсті", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, көлік, сауда есебінен өсім 6%-дан жоғары көрсеткіш көрсетті. Құрылыс 10%-дан астам өсті.
"Әрине, бұл жеткіліксіз, біз мұны түсінеміз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін тарту", - деп толықтырды үкімет басшысы.
Сондай-ақ президент тапсырмасы аясында ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Ұлттық жобада 2029-2030 жылдарға дейін жалпы инвестиция көлемі шамамен 10 трлн теңге мөлшерінде қарастырылған.
Жаңалықтар
0