https://sputnik.kz/20241030/sadyr-zhaparov-qyrgyzstannyn-anuranyn-ozgertudi-qoldady-48169051.html
Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгертуді қолдады
Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгертуді қолдады
Sputnik Қазақстан
Әнұранды өзгертуді парламент спикері ұсынған болатын 30.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-30T09:53+0500
2024-10-30T09:53+0500
2024-10-30T09:53+0500
қырғызстан
әнұран
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345059_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_573203fc8131eb7caed8132d9751241b.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің әнұранын өзгертуді қолдады.Ол Кабар телеарнасына берген сұхбатында "әнұранды өзгертсек жақсы болар еді" деп мәлімдеді."Әнұранды жаңартқанның несі айып? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын, тәуелсіздікті енді алған кезімізде жазылды.Сонымен қатар қазіргі әнұран да ұмытылмайды – ол мұрағатта алғашқы әнұран ретінде қалады, деп атап өтті Қырғызстан президенті. Ол сондай-ақ кейбір адамдардың туды өзгертуге қарсы болғанын еске алды."Қазіргі тудың несі жаман? Бұрынғыдан жақсы ғой. Ол күнбағысқа ұқсамайды, енді туға қараған адам бұл күн екенін бірден түсінеді", - деді Жапаров.Бұған дейін Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев әнұран өзгертілетінін айтқан. Оның пікірінше, әнұран әмбебап, ырғақты болуы керек, оны үлкен-кіші кез келген уақытта, кез келген жағдайда оңай орындай алатындай болуға тиіс."5 жастасыз ба, 90 жастасыз ба, әнұран баршаға қолжетімді және түсінікті болуы керек", - деді Шәкиев.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345059_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3286e7fc227d8be8838a495295dc100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, әнұран
Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгертуді қолдады
Әнұранды өзгертуді парламент спикері ұсынған болатын
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің әнұранын өзгертуді қолдады.
Ол
Кабар телеарнасына берген сұхбатында "әнұранды өзгертсек жақсы болар еді" деп мәлімдеді.
"Әнұранды жаңартқанның несі айып? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын, тәуелсіздікті енді алған кезімізде жазылды.
"Авторлар азат ел болғанымызды, тәуелсіздік алғанымызды, халық тағдыры өзінің қолында екенін, алға ұмтылу керектігін қуанышпен, толқумен жазды. Қазір біз мемлекет ретінде толық қалыптастық. Әлемге танымал болдық. 100 жылдан кейін де тәуелсіз ел болдық деп жырлай береміз бе? Дербес мемлекет, бес мың жылдық тарихы бар халық екенімізді айтатын, жастардың, болашақ ұрпақтың рухын көтеретін әнұранды неге жазбасқа?", - деді Жапаров.
Сонымен қатар қазіргі әнұран да ұмытылмайды – ол мұрағатта алғашқы әнұран ретінде қалады, деп атап өтті Қырғызстан президенті. Ол сондай-ақ кейбір адамдардың туды өзгертуге қарсы болғанын еске алды.
"Қазіргі тудың несі жаман? Бұрынғыдан жақсы ғой. Ол күнбағысқа ұқсамайды, енді туға қараған адам бұл күн екенін бірден түсінеді", - деді Жапаров.
Бұған дейін Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев әнұран өзгертілетінін айтқан. Оның пікірінше, әнұран әмбебап, ырғақты болуы керек, оны үлкен-кіші кез келген уақытта, кез келген жағдайда оңай орындай алатындай болуға тиіс.
"5 жастасыз ба, 90 жастасыз ба, әнұран баршаға қолжетімді және түсінікті болуы керек", - деді Шәкиев.