https://sputnik.kz/20241029/zhaponiya-resey-aktivterinen-tusetin-kiris-esebinen-ukrainaga-3-mlrd-dollar-boledi-48148394.html
Жапония Ресей активтерінен түсетін кіріс есебінен Украинаға 3 млрд доллар бөледі
Жапония Ресей активтерінен түсетін кіріс есебінен Украинаға 3 млрд доллар бөледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. G7 елдері Киевке беретін 50 миллиард доллар несиенің 3 миллиардқа жуығын Жапония үкіметі бөледі деп жоспарланып отыр, ол Ресейдің... 29.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-29T10:56+0500
2024-10-29T10:56+0500
2024-10-29T10:56+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/09/47705237_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_5bcea088b99fb2d4d9ff5d045dc96ea6.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. G7 елдері Киевке беретін 50 миллиард доллар несиенің 3 миллиардқа жуығын Жапония үкіметі бөледі деп жоспарланып отыр, ол Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен қаражат есебінен өтеледі, деп хабарлады Киодо ақпарат агенттігі.Өткен аптада G7 басшылары Украинаға несие бөлу мәселесі бойынша келісімге келгендерін жариялады. "Үлкен жетіліктің" қаржы министрліктері Киевке 50 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайтын несие 2024 жылдың желтоқсанынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін толығымен өтелетінін, несиенің негізгі бөлігі Ресейдің бұғатталған активтері есебінен өтелетінін айтты.Бұған дейін Еуропалық әділет комиссары Дидье Рейндерс те Киевке берілетін несие бірқатар саяси және басқа да алғышартпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қолжетімді болатынын айтқан.Ресей сыртқы істер министрлігі Еуропадағы ресейлік активтерді бұғаттауды бірнеше рет "ұрлық" деп атады және ЕО жеке қаражатқа ғана емес, сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік активтерін де көздеп отырғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыстың бұл әрекетіне қатысты Ресей жауап беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының да Батыс елдерінің Ресейде сақтаған қаражатын қайтармауға мүмкіндігі бар.ЕО және "Үлкен жетілік" елдері Ресей Федерациясының шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. 200 миллиардтан астам еуро ЕО-да, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/09/47705237_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_c62f375a5b004bb7fb58352748e8f239.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. G7 елдері Киевке беретін 50 миллиард доллар несиенің 3 миллиардқа жуығын Жапония үкіметі бөледі деп жоспарланып отыр, ол Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен қаражат есебінен өтеледі, деп хабарлады Киодо ақпарат агенттігі.
Өткен аптада G7 басшылары Украинаға несие бөлу мәселесі бойынша келісімге келгендерін жариялады. "Үлкен жетіліктің" қаржы министрліктері Киевке 50 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайтын несие 2024 жылдың желтоқсанынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін толығымен өтелетінін, несиенің негізгі бөлігі Ресейдің бұғатталған активтері есебінен өтелетінін айтты.
"Жапон үкіметі Ресейдің тыйым салынған активтерін пайдалана отырып, Украинаны қолдау үшін G7 елдерінен 471,9 миллиард иен (3 миллиард АҚШ долларынан сәл астам) көлемінде несие береді", - делінген агенттік хабарламасында.
Бұған дейін Еуропалық әділет комиссары Дидье Рейндерс те Киевке берілетін несие бірқатар саяси және басқа да алғышартпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қолжетімді болатынын айтқан.
Ресей сыртқы істер министрлігі Еуропадағы ресейлік активтерді бұғаттауды бірнеше рет "ұрлық" деп атады және ЕО жеке қаражатқа ғана емес, сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік активтерін де көздеп отырғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыстың бұл әрекетіне қатысты Ресей жауап беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының да Батыс елдерінің Ресейде сақтаған қаражатын қайтармауға мүмкіндігі бар.
ЕО және "Үлкен жетілік" елдері Ресей Федерациясының шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. 200 миллиардтан астам еуро ЕО-да, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.