Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада соғыс жағдайының мерзімі ұзартылды

Верховная Рада Украины
Верховная Рада Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Украинаның Жоғарғы радасы елдегі соғыс жағдайы мен мобилизациялау мерзімін тағы 90 күнге ұзартты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Владимир Зеленский парламентке соғыс жағдайы мен мобилизациялау мерзімін үш айға ұзарту туралы заң жобаларын енгізген болатын.
"Рада соғыс жағдайының мерзімін 90 күнге – 2024 жылдың 10 қарашасынан 2025 жылдың 7 ақпанына дейін ұзартты", - деп жазды депутат Гончаренко өзінің Telegram-арнасында.
Раданың өкілі Ресейде террористер мен экстремистер тізміне енгізілген.
Айта кетері, Украинада 2022 жылы 24 ақпанда соғыс жағдайы режимі енгізілген болатын. Ертесінде Зеленский жалпыға ортақ моблицизациялау туралы жарлыққа қол қойды.
Содан бері соғыс жағдайы мен мобилизациялау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
Жаңалықтар
0