"Россия сегодня" медиа тобы "Ғылымға адалдығы үшін" сыйлығының лауреаты атанды

© РИА НовостиМедиагруппа "Россия сегодня" стала лауреатом X Всероссийской премии "За верность науке"
Медиагруппа Россия сегодня стала лауреатом X Всероссийской премии За верность науке - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
Жобалар екі номинация бойынша жеңімпаз атанды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы X Бүкілресейлік "Ғылымға адалдығы үшін" сыйлығының лауреаты атанды.
"Ресейлік инновациялар – Ресей мен әлемге" жобасы мен "Жеңіс технологиялары. Т-34" иммерсивті фильмі "Ресей ғылымы – әлемге" және "Тәжірибемен жұмыс: тарихи шындықты қорғау" аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.
Марапаттау рәсімі Мәскеудің Зарядье концерттік залында өтті.
"Ресей инновациялары – Ресей мен әлемге" жобасы ресейлік ғалымдардың озық зерттеулері мен әзірлемелерін танымал етуге бағытталған. Жоба авторларының айтуынша, ресейлік зерттеушілер бүгінде заманауи ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосуда.
"Біздің "Ресей инновациялары – Ресей мен әлемге" жаңа жобамыз оқырмандардың ең кең ауқымына арналған және ресейлік соңғы инновациялық шешімдерге және әртүрлі ғылыми салалардағы отандық зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Материалдар 30-дан астам тілде жарияланған. Ресей ғылымын жою мүмкін емес. Бұл саясаттан тыс", - деді "Ресей инновациялары" жобасының жетекшісі, медиатоптың Білім беру саласындағы жобалар басқармасы басшысының орынбасары Геннадий Клюшкин.
"Жеңіс технологиялары. Т-34" фильмі аты аңызға айналған Т-34 танкін жасау арқылы қорғаныс қабілетін қалыптастырудағы инженер-конструктор мамандығының шешуші рөлін көрсетеді.
Фильмді "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселевке дыбыстап баяндады.
"Фильмді дайындау үшін РИА Новости шығармашылық тобы Т-34 танкінің идея мен алғашқы сызбасынан сериялық өндіріске дейінгі жолын білу үшін жүздеген мұрағат құжатын пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізді", - деді жоба жетекшісі Артем Буфтяк.
Ол фильмде тәжірибелік үлгілерді жасау, әскери сынақтар, сериялық өндірісті дамыту, жаңа технологиялық процестерді енгізу, салалық пен академиялық ғылымды тарту, танктің модернизациясы мен жетілдірілуі туралы айтылғанын мәлімдеді.
"360 форматын пайдалану көрерменді иммерсивті деректі фильм арқылы конструкторлық бюролар, әскери полигондар және Орал зауыттарының шеберханаларында жүргендей сезімде болуға ықпал етті", - деді Буфтяк.
"Ғылымға адалдығы үшін" сыйлығы 2015 жылдан бері ғылыми коммуникация және ғылымды насихаттау саласындағы ерекше жетістіктері үшін беріледі.
2022 жылдан бастап сыйлық Ресей президенті Владимир Путин жариялаған ғылым және технология он жылдығы аясында өткізіледі. Ұйымдастырушы – Ресей Федерациясының білім министрлігі, серіктестері – Ресей ғылым академиясы, "Курчатов институты" Ұлттық зерттеу орталығы және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.
"Өнер, ғылым және спорт" қайырымдылық қоры сыйлыққа қолдау көрсететін ұйым.
Жаңалықтар
0