https://sputnik.kz/20241029/qazaqstan-men-mongoliya-arasyndagy-sauda-sattyq-kolemi-500-mln-dollarga-deyin-artady-48154872.html
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі 500 млн долларға дейін артады
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі 500 млн долларға дейін артады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан және Моңғолия президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады 29.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-29T12:27+0500
2024-10-29T12:27+0500
2024-10-29T12:27+0500
қасым-жомарт тоқаев
моңғолия
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48152231_0:100:1280:820_1920x0_80_0_0_2bdf11e8737b15ad248d52aad451546b.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемін 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа арналған брифингте айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдету жөнінде уағдаласқанын айтты.Оның айтуынша, бүгін екі елдің президенті сауда-экономикалық байланысты арттыру жөніндегі жол картасына қол қойған.Делегациялар ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-логистика және энергетика саласына қатысты нәтижелі келіссөз жүргізген."Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығаруға мүмкіндік бар. Осы орайда, алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келістік. Сонымен қатар жаңа технологияны, қазба байлықты бірлесіп игеруге тоқталдық, инвестиция мәселесін талқыладық. Мен Қазақстанның электронды үкімет, киберқауіпсіздік және ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталдым", – деді президент.Ол Қазақстан мен Моңғолия темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлап, игеру үшін бірлесе жұмыс істейтінін атап өтті.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақаралық алыс-берістің әлеуетін ұтымды пайдаланған жөн деп санайды."Бүгінде Астана мен Ұлан-Батыр арасында бауырластық байланыс орнаған. Осындай байланысты басқа да аймақтар арасында дамыту маңызды. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы – берік достықтың алтын көпірі. Қандастарымызға қамқор болып жүрген Моңғолия басшылығы мен халқына алғыс айтамыз", – деді президент.
моңғолия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48152231_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ab2cf7d0fab52829b3acefe6afb2cf4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, моңғолия
қасым-жомарт тоқаев, моңғолия
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі 500 млн долларға дейін артады
Қазақстан және Моңғолия президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемін 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа арналған брифингте айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдету жөнінде уағдаласқанын айтты.
"Қазақстан мен Моңғолия Азиядағы ірі елдер санатында. Сондықтан өзара сауда айналымы ауқымды болуға тиіс. Былтыр сауда-саттық көлемі 150 миллион долларға жуықтады. Бұл көрсеткішті көп ұзамай 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрін көбейту керек. Сондай-ақ экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет. Екі ел үкіметі нақты шараларды қабылдайды", – деді президент.
Оның айтуынша, бүгін екі елдің президенті сауда-экономикалық байланысты арттыру жөніндегі жол картасына қол қойған.
Делегациялар ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-логистика және энергетика саласына қатысты нәтижелі келіссөз жүргізген.
"Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығаруға мүмкіндік бар. Осы орайда, алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келістік. Сонымен қатар жаңа технологияны, қазба байлықты бірлесіп игеруге тоқталдық, инвестиция мәселесін талқыладық. Мен Қазақстанның электронды үкімет, киберқауіпсіздік және ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталдым", – деді президент.
Ол Қазақстан мен Моңғолия темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлап, игеру үшін бірлесе жұмыс істейтінін атап өтті.
"Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолияның тау-кен саласын зерттеуге дайын. Келіссөздер барысында көлік-логистика мәселелері туралы әңгімелестік. Халықаралық дәліздердің бәсекеге қабілетін арттыру – маңызды міндеттің бірі. Ол үшін екі ел арасындағы және басқа мемлекеттермен көлік қатынасын жетілдіру қажет", – деп толықтырды Тоқаев.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақаралық алыс-берістің әлеуетін ұтымды пайдаланған жөн деп санайды.
"Бүгінде Астана мен Ұлан-Батыр арасында бауырластық байланыс орнаған. Осындай байланысты басқа да аймақтар арасында дамыту маңызды. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы – берік достықтың алтын көпірі. Қандастарымызға қамқор болып жүрген Моңғолия басшылығы мен халқына алғыс айтамыз", – деді президент.